https://sputnik.kz/20231006/toqaev-14-memlekettin-elshilerinen-senim-gramotalaryn-qabyldady-39114534.html
Тоқаев 14 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Тоқаев 14 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Sputnik Қазақстан
Президент Қазақстан елдің қауіпсіздігі мен орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті 06.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-06T15:29+0500
2023-10-06T15:29+0500
2023-10-06T15:29+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
елші
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/06/39114792_199:0:1102:508_1920x0_80_0_0_5fdd0a669c5b8a157ece6ffed8b57b5b.jpg
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. "Ақорда" резиденциясында он төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.Мемлекет басшысы дипломаттарға еліміз БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына негізделген әділетті әлем орнату тәртібін жақтайтынын айтты.Тоқаев Қазақстанның экономикалық даму тұрғысынан келешегі зор екенін, елімізді әлемдік экономиканың маңызды бөлігіне айналдыру үшін барлық мүмкіндікті жасайтынын атап өтті."Еліміз – Орталық Азия өңіріндегі экономикасы ең дамыған мемлекет. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Экономикамызды одан әрі орнықты дамыту үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз", – деді мемлекет басшысы.Президент салтанатты рәсім соңында елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми түрде басталуымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту ісінде табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев сенім грамоталарын тапсырған елшілер мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.
https://sputnik.kz/20231003/qiyn-qystau-zhyldary-shell-ekonomikamyzga-qomaqty-investitsiya-quydy--toqaev-39018260.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/06/39114792_312:0:989:508_1920x0_80_0_0_b217dcd6db03ea21fd00cede0d55f22c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, елші
қасым-жомарт тоқаев, елші
Тоқаев 14 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент Қазақстан елдің қауіпсіздігі мен орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. "Ақорда" резиденциясында он төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы дипломаттарға еліміз БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына негізделген әділетті әлем орнату тәртібін жақтайтынын айтты.
"Қазақстан елдің қауіпсіздігі мен орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бейбіт сыртқы саясат жүргізеді. Біз сіздердің мемлекеттеріңізбен өзара тиімді, достық қарым-қатынастарды кеңейтуге және нығайтуға мүдделіміз", – деді президент.
Тоқаев Қазақстанның экономикалық даму тұрғысынан келешегі зор екенін, елімізді әлемдік экономиканың маңызды бөлігіне айналдыру үшін барлық мүмкіндікті жасайтынын атап өтті.
"Еліміз – Орталық Азия өңіріндегі экономикасы ең дамыған мемлекет. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Экономикамызды одан әрі орнықты дамыту үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз", – деді мемлекет басшысы.
Президент салтанатты рәсім соңында елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми түрде басталуымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту ісінде табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев сенім грамоталарын тапсырған елшілер мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.