https://sputnik.kz/20231003/qiyn-qystau-zhyldary-shell-ekonomikamyzga-qomaqty-investitsiya-quydy--toqaev-39018260.html
Қиын-қыстау жылдары "Шелл" экономикамызға қомақты инвестиция құйды – Тоқаев
Қиын-қыстау жылдары "Шелл" экономикамызға қомақты инвестиция құйды – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Соңғы 30 жылда "Шелл" ел экономикасына 18 миллиард доллардан астам инвестиция салған 03.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-03T19:36+0500
2023-10-03T19:36+0500
2023-10-03T19:36+0500
қасым-жомарт тоқаев
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/03/39018438_0:52:1280:772_1920x0_80_0_0_e98094de218e5095bd1165177c7fda41.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы "Шелл" концернінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлады Ақорда.Президенттің айтуынша, "Шелл" концернінің Қазақстандағы қызметінің 30 жылдығы сала тарихындағы маңызды кезең саналады.Президент "Шелл" концерні басқа да серіктестермен бірге елімізде ауқымды мұнай-газ жобаларын белсенді жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Компания әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі – Қарашығанақтың операторы саналады. Қарашығанақты кеңейту жобасының кезеңдерін уақтылы іске асыру сұйық көмірсутегін өндіруді 10-11 миллион тонна деңгейінде сақтауға ықпал етеді."Шелл" концернінің және басқа да акционерлердің үйлесімді жұмысы Қашағанның "ғасыр жобасын" іске қосуға мүмкіндік берді. Бүгінде Солтүстік Каспий жобасы жаһандық энергия нарығында маңызды рөл атқарады және еліміздегі мұнай өндірісінің 20 пайызын қамтиды. Көмірсутегін өндіруден басқа, оларды әлемдік нарықтарға тасымалдау үшін инфрақұрылым құрудың маңызы зор. Бұл бағыттағы алғашқы табысты жоба – Каспий құбыр консорциумы. Оны жүзеге асыруға "Шеврон", "ЭНИ", "Шелл", "Лукойл" және тағы басқа жетекші мұнай компаниялары қатысты", – деді президент.Мемлекет басшысы Қазақстанда трансұлттық мұнай-газ корпорацияларының еңбек етуі еліміздің жоғары инвестициялық тартымдылығын көрсететінін, соның ішінде инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы заңнаманың тұрақты сақталатынын айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның әлеуметтік жауапкершілігіне арнайы тоқталды"Шелл" өз жобаларында жұмысқа жергілікті кадрларды тартуға айрықша мән береді. Бүгінде Қарашығанақ және Қашаған жобаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің 95 пайыздан астамы – Қазақстан азаматтары. Сондай-ақ аталған концерн "Күн энергиясы – мектептерге", "Шелл эко-марафоны" және басқа да жобаларды жүзеге асыра отырып, экологиялық мәселелерді шешуге жастарды белсенді тартады.Президент өзінің жуырдағы жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше назар аударғанын еске салды. Оның пікірінше, "Шелл" бұл мәселені шешуге әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы жас кәсіпкерлер мен әйелдерді қолдау бағдарламалары арқылы елеулі үлес қосады. Компания оларға бинес ашу үшін кеңес беру қызметтері мен бастапқы капиталды ұсынады. Мемлекет басшысы концерннің осы бағыттағы қызметін кеңейту үшін мол әлеует бар екенін атап өтті."Отандық кәсіпкерлермен кездесуде жергілікті инженерлер мен компанияларды міндетті түрде тарта отырып, жобалық дизайн кеңселерін Қазақстанға көшіруге жәрдемдесуді тапсырдым. Жергілікті өнім үлесін арттыру үшін өндірушілерімізге ірі мұнай-газ жобаларын іске асыруға жол ашу маңызды. "Шелл" концернінің белсенді және конструктивті ұстанымы Қазақстан экономикасын әртараптандыруға елеулі үлес қосып, компанияның имиджін одан әрі жақсартатынына сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/03/39018438_91:0:1190:824_1920x0_80_0_0_4fd4a5c24bec8e196185119499eedd0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, инвестиция
қасым-жомарт тоқаев, инвестиция
Қиын-қыстау жылдары "Шелл" экономикамызға қомақты инвестиция құйды – Тоқаев
Соңғы 30 жылда "Шелл" ел экономикасына 18 миллиард доллардан астам инвестиция салған
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы "Шелл" концернінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Президенттің айтуынша, "Шелл" концернінің Қазақстандағы қызметінің 30 жылдығы сала тарихындағы маңызды кезең саналады.
"Қиын-қыстау жылдары "Шелл" экономикамызға қомақты инвестиция құйып, жаңа технология, ғылыми жетістіктер мен басқарудың баға жетпес тәжірибесін әкелді. Біз компанияның бұл еңбегін жоғары бағалаймыз. Соңғы 30 жылда "Шелл" ел экономикасына 18 миллиард доллардан астам инвестиция салып, Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі ретіндегі позициясын нығайтты", – деді мемлекет басшысы.
Президент "Шелл" концерні басқа да серіктестермен бірге елімізде ауқымды мұнай-газ жобаларын белсенді жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Компания әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі – Қарашығанақтың операторы саналады. Қарашығанақты кеңейту жобасының кезеңдерін уақтылы іске асыру сұйық көмірсутегін өндіруді 10-11 миллион тонна деңгейінде сақтауға ықпал етеді.
"Шелл" концернінің және басқа да акционерлердің үйлесімді жұмысы Қашағанның "ғасыр жобасын" іске қосуға мүмкіндік берді. Бүгінде Солтүстік Каспий жобасы жаһандық энергия нарығында маңызды рөл атқарады және еліміздегі мұнай өндірісінің 20 пайызын қамтиды. Көмірсутегін өндіруден басқа, оларды әлемдік нарықтарға тасымалдау үшін инфрақұрылым құрудың маңызы зор. Бұл бағыттағы алғашқы табысты жоба – Каспий құбыр консорциумы. Оны жүзеге асыруға "Шеврон", "ЭНИ", "Шелл", "Лукойл" және тағы басқа жетекші мұнай компаниялары қатысты", – деді президент.
Мемлекет басшысы Қазақстанда трансұлттық мұнай-газ корпорацияларының еңбек етуі еліміздің жоғары инвестициялық тартымдылығын көрсететінін, соның ішінде инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы заңнаманың тұрақты сақталатынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның әлеуметтік жауапкершілігіне арнайы тоқталды
"Шелл" өз жобаларында жұмысқа жергілікті кадрларды тартуға айрықша мән береді. Бүгінде Қарашығанақ және Қашаған жобаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің 95 пайыздан астамы – Қазақстан азаматтары. Сондай-ақ аталған концерн "Күн энергиясы – мектептерге", "Шелл эко-марафоны" және басқа да жобаларды жүзеге асыра отырып, экологиялық мәселелерді шешуге жастарды белсенді тартады.
Президент өзінің жуырдағы жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше назар аударғанын еске салды. Оның пікірінше, "Шелл" бұл мәселені шешуге әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы жас кәсіпкерлер мен әйелдерді қолдау бағдарламалары арқылы елеулі үлес қосады. Компания оларға бинес ашу үшін кеңес беру қызметтері мен бастапқы капиталды ұсынады. Мемлекет басшысы концерннің осы бағыттағы қызметін кеңейту үшін мол әлеует бар екенін атап өтті.
"Отандық кәсіпкерлермен кездесуде жергілікті инженерлер мен компанияларды міндетті түрде тарта отырып, жобалық дизайн кеңселерін Қазақстанға көшіруге жәрдемдесуді тапсырдым. Жергілікті өнім үлесін арттыру үшін өндірушілерімізге ірі мұнай-газ жобаларын іске асыруға жол ашу маңызды. "Шелл" концернінің белсенді және конструктивті ұстанымы Қазақстан экономикасын әртараптандыруға елеулі үлес қосып, компанияның имиджін одан әрі жақсартатынына сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.