Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда ет өніміне ветеринарлық анықтамалар қолдан жасалған

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2023
Жазылу
Жалған құжаттарды қолдан жасау бабы бойынша тергеу басталды, 24 лауазымды тұлға жауапқа тартылды
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары ветеринария саласын тексеру барысында елеулі заңбұзушылықтарды анықтады.
Облыстық прокуратураның ақпаратынша, ветеринариялық қызметтер "Ветеринария туралы" заң талаптарын сақтамастан, ветеринариялық құжаттарды беру және жануарларды вакцинациялау тәртібін бұзған, ірі қара малға диагностикалық зерттеулер толық көлемде жүргізілмеген.
"Ветеринариялық құжаттарды (ет өнімдеріне ветеринарлық анықтамалар және вакцинация актілері) қолдан жасау фактілері анықталды. Олар бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 4 сотқа дейінгі тергеу басталды", -делінген хабарламада.
Сондай-ақ аудан әкімдіктері ветеринариялық ережелердің талаптарын бұза отырып, мал қорымдарын тиісті күтіп-ұстауды қамтамасыз етпеген. Бұған қоса арнайы пунктерде емес, жеке аулада мал сою тәжірибесі жалғасуда.
Қадағалау органының актісі бойынша 24 лауазымды тұлға, оның ішінде ветеринария басқармасының басшысы тәртіптік жауапқа тартылды. Заңбұзушылықтарды жою және осы саладағы жағдайды жақсарту бойынша кешенді жоспар әзірленді.
Уәкілетті органдар малды белгіленбеген жерлерде сойғаны үшін адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға ниетті.
Жамбыл облысында төрт түлік мал белгісіз аурудан қырылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2023
Жамбыл облысында төрт түлік мал белгісіз аурудан қырылып жатыр
Жаңалықтар
0