https://sputnik.kz/20230928/zhambyl-oblysynda-tort-tulik-mal-belgisiz-aurudan-qyrylyp-zhatyr-38839362.html
Жамбыл облысында төрт түлік мал белгісіз аурудан қырылып жатыр
Жамбыл облысында төрт түлік мал белгісіз аурудан қырылып жатыр
Sputnik Қазақстан
Майтөбе ауылында осы ай басталғалы 100-ге жуық қой-қозы қынадай қырылып қалған. Ал арам қатқан ірі қара саны 10-ға жуықтаған. 28.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-28T10:09+0500
2023-09-28T10:09+0500
2023-09-28T10:09+0500
жамбыл облысы
мал
жаппай қырылу
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1c/38839202_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_f523c8b6fce5495a3ae200a6c3c6a7c9.jpg
АСТАНА, 28 қыркүйек - Sputnik. Жамбыл облысының ауыл тұрғындары ай басталғалы 100-ге жуық қой-қозы қынадай қырылып қалғанын айтып дабыл қағуда. Облыстық ветеринарлар үш апта бұрын басталған аурудың диагнозын дәл таба алмай отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.Өріске кеткен тұяқтылар өлексеге, келгені көтерем күйге түсуде. Кесел тиген төрт түлік тәуліктеп жем-шөп жемейтін көрінеді. Жатқан жерінен тұрмайды, қызуы төмен түспейді.Малшылар бұлай жалғаса берсе, қу таяқ ұстап қалар түріміз бар деп дабыл қағуда."Дезинфекция жасамаса болмайды. Бұл кене арқылы да, шөп арқылы да, су арқылы да келуі мүмкін. Адамға да жұғуы мүмкін ғой", -дейді Майтөбе ауылының тұрғыны Рима Әбдиева.Ауыл тұрғындарының айтуынша, Майтөбе ауылында осы ай басталғалы 100-ге жуық қой-қозы қынадай қырылып қалған. Ал арам қатқан ірі қара саны 10-ға жуықтаған. Олардың барлығында ауру белгілері бірдей: тәуліктеп жем-шөп жемейді, жатқан жерінен тұрмайды, қызуы төмен түспейді. Кейбіреулері өрістен өлі табылған.Ал аудан билігі бұл сары ауру тектес кеселдің бірі болуы мүмкін дейді. Өлекселер мен олардың азығынан сынама алып Алматыға жөнелткен. Нәтижесі келмейінше, мал дәрігерлерлері диагноз қойып, шешім шығара алмайды."Жамбыл облысы ветеринария зертханасына жібереміз. Олар теріс деп береді. Қандай диагноз қоярымызды білмей отырмыз. Лептоспироз ауруына күдікті деп беріп жатырмыз. Бірақ нақты емес. Ал референц орталықтың айтуынша, дәрідәрмек салынбасын, сол кезде анықталады деп отыр", - дейді Талас ауданы ветеринария стансасының директоры Жарқын Қалмаханов.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1c/38839202_75:0:1275:900_1920x0_80_0_0_856655aa78c76a8603e27b6c4fe687f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, мал, жаппай қырылу
жамбыл облысы, мал, жаппай қырылу
Жамбыл облысында төрт түлік мал белгісіз аурудан қырылып жатыр
Майтөбе ауылында осы ай басталғалы 100-ге жуық қой-қозы қынадай қырылып қалған. Ал арам қатқан ірі қара саны 10-ға жуықтаған.
АСТАНА, 28 қыркүйек - Sputnik. Жамбыл облысының ауыл тұрғындары ай басталғалы 100-ге жуық қой-қозы қынадай қырылып қалғанын айтып дабыл қағуда. Облыстық ветеринарлар үш апта бұрын басталған аурудың диагнозын дәл таба алмай отыр, деп хабарлайды
КТК арнасы.
Өріске кеткен тұяқтылар өлексеге, келгені көтерем күйге түсуде. Кесел тиген төрт түлік тәуліктеп жем-шөп жемейтін көрінеді. Жатқан жерінен тұрмайды, қызуы төмен түспейді.
"Температурасы 41-ге барады. Егер де білмей қалсаң, өледі. Қолымыздан градусник түспей жатыр", - дейді фермерлердің бірі Бақтыбай Есенбаев.
Малшылар бұлай жалғаса берсе, қу таяқ ұстап қалар түріміз бар деп дабыл қағуда.
"Дезинфекция жасамаса болмайды. Бұл кене арқылы да, шөп арқылы да, су арқылы да келуі мүмкін. Адамға да жұғуы мүмкін ғой", -дейді Майтөбе ауылының тұрғыны Рима Әбдиева.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, Майтөбе ауылында осы ай басталғалы 100-ге жуық қой-қозы қынадай қырылып қалған. Ал арам қатқан ірі қара саны 10-ға жуықтаған. Олардың барлығында ауру белгілері бірдей: тәуліктеп жем-шөп жемейді, жатқан жерінен тұрмайды, қызуы төмен түспейді. Кейбіреулері өрістен өлі табылған.
Ал аудан билігі бұл сары ауру тектес кеселдің бірі болуы мүмкін дейді. Өлекселер мен олардың азығынан сынама алып Алматыға жөнелткен. Нәтижесі келмейінше, мал дәрігерлерлері диагноз қойып, шешім шығара алмайды.
"Жамбыл облысы ветеринария зертханасына жібереміз. Олар теріс деп береді. Қандай диагноз қоярымызды білмей отырмыз. Лептоспироз ауруына күдікті деп беріп жатырмыз. Бірақ нақты емес. Ал референц орталықтың айтуынша, дәрідәрмек салынбасын, сол кезде анықталады деп отыр", - дейді Талас ауданы ветеринария стансасының директоры Жарқын Қалмаханов.