https://sputnik.kz/20231006/qazaqstanda-dini-kiimge-qatysty-shekteu-engizilui-mumkin-39118973.html
Қазақстанда діни киімге қатысты шектеу енгізілуі мүмкін
Қазақстанда діни киімге қатысты шектеу енгізілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Жаңа заң жобасын және тиісті түзетулерді дайындауға уақыт қажет 06.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-06T16:27+0500
2023-10-06T16:27+0500
2023-10-06T16:27+0500
хиджаб
аида балаева
https://sputnik.kz/img/632/76/6327643_17:0:1263:701_1920x0_80_0_0_f47abe6e0efacec015b5d1415df63799.jpg
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Қазақстанда белгілі бір діни киімді киюге қатысты шектеу енгізу мәселесі қаралады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер хиджаб пен никаб сияқты киімдерге тыйым салу туралы сұрады. Министрдің айтуынша, осы мәселеге қатысты заң талаптары күшейтіледі.Ал жаңа заң жобасын және тиісті түзетулерді дайындауға уақыт қажет. Алдымен жұмыс тобы құрылады, өзгерістердің тұжырымдамасы талқыланады. Одан кейін заң жобасы үкіметтің жұмыс жоспарына енгізіледі. Содан бары мәжіліс пен сенаттың қарауына түседі."Осы орайда депутаттар да бастама көтерді. Соны ескере отырып, депутаттармен бірге бұл мәселені жақын арада қарайтын боламыз деп ойлаймын", - деп атап көрсетті Балаева.Айта кетері, жақында сенат депутаты Нұртөре Жүсіп елімізде деструктивті күштердің тамыр жайып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Осы орайда сенат депутаттары жастарды теріс діни ағымдардан қорғау үшін бірқатар ұсыныс жасады.
https://sputnik.kz/20231005/toqaev-mektepte-khidzhab-kiyuge-qatysty-pikir-bildirdi-39072378.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/632/76/6327643_173:0:1108:701_1920x0_80_0_0_ed1728ac3735a83a2cf77d728e4bb888.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хиджаб, аида балаева
Қазақстанда діни киімге қатысты шектеу енгізілуі мүмкін
Жаңа заң жобасын және тиісті түзетулерді дайындауға уақыт қажет
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Қазақстанда белгілі бір діни киімді киюге қатысты шектеу енгізу мәселесі қаралады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер хиджаб пен никаб сияқты киімдерге тыйым салу туралы сұрады. Министрдің айтуынша, осы мәселеге қатысты заң талаптары күшейтіледі.
"Әрине, біз тиісті нормаларды зерделеп, ұсынатын боламыз. Әсіресе, қоғамдық орындарға қатысты талаптар бар. Ондай тәжірибе әлем бойынша кеңінен тараған. Себебі ұлттық қауіпсіздік мәселесі тұрғысынан қоғамдық орындарда бетті жауып жүрсе, адамды тану өте қиын. Бұның бәрі қоғаммен бірге талқыланады. Біз құзіретті орган ретінде осы саладағы заңнаманы қатаңдату бойынша жұмыс істейтін боламыз", - деді Балаева.
Ал жаңа заң жобасын және тиісті түзетулерді дайындауға уақыт қажет. Алдымен жұмыс тобы құрылады, өзгерістердің тұжырымдамасы талқыланады. Одан кейін заң жобасы үкіметтің жұмыс жоспарына енгізіледі. Содан бары мәжіліс пен сенаттың қарауына түседі.
"Осы орайда депутаттар да бастама көтерді. Соны ескере отырып, депутаттармен бірге бұл мәселені жақын арада қарайтын боламыз деп ойлаймын", - деп атап көрсетті Балаева.
Айта кетері, жақында сенат депутаты Нұртөре Жүсіп елімізде деструктивті күштердің тамыр жайып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Осы орайда сенат депутаттары жастарды теріс діни ағымдардан қорғау үшін
бірқатар ұсыныс жасады.