https://sputnik.kz/20231005/toqaev-mektepte-khidzhab-kiyuge-qatysty-pikir-bildirdi-39072378.html
Президент оқушылардың хиджаб киюіне қатысты пікір білдірді
Президент оқушылардың хиджаб киюіне қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Президент балалар есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санайды 05.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-05T11:52+0500
2023-10-05T11:52+0500
2023-10-05T11:54+0500
хиджаб
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/632/75/6327582_0:68:1280:788_1920x0_80_0_0_13fa652e8a2409087b6c29c2d405874d.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде мектепте хиджаб киюге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Мен қоғамда жиі талқыланатын тағы бір мәселеге тоқталғым келеді. Қазақстан – Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс", - деді Тоқаев.Ол мектеп ең алдымен, білім ордасы екенін, балалар мектепке білім алу үшін баратынын атап өтті.Оның айтуынша, жалпы, зайырлы деген сөздің мазмұны терең, өте ауқымды."Халқымызға қатысты айтатын болсақ, бұл – салауатты өмір салтын ұстану, прагматикалық көзқараста болу және дәстүрлі дінімізге, ұлттық сананы арқау еткен салтымызға шынайы құрмет деген сөз", - деп түйіндеді президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/632/75/6327582_70:0:1211:856_1920x0_80_0_0_5a1b5c81a1aa72c669441bdfeefa0b7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хиджаб, қасым-жомарт тоқаев
хиджаб, қасым-жомарт тоқаев
Президент оқушылардың хиджаб киюіне қатысты пікір білдірді
11:52 05.10.2023 (жаңартылды: 11:54 05.10.2023) Президент балалар есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санайды
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде мектепте хиджаб киюге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Мен қоғамда жиі талқыланатын тағы бір мәселеге тоқталғым келеді. Қазақстан – Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс", - деді Тоқаев.
Ол мектеп ең алдымен, білім ордасы екенін, балалар мектепке білім алу үшін баратынын атап өтті.
"Ал діни ұстаным – әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген. Балаларымыз есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санаймын. Ең бастысы, көзқарасы айқын, санасы сергек әрі дәстүрге берік ұрпақ тәрбиелеу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, жалпы, зайырлы деген сөздің мазмұны терең, өте ауқымды.
"Халқымызға қатысты айтатын болсақ, бұл – салауатты өмір салтын ұстану, прагматикалық көзқараста болу және дәстүрлі дінімізге, ұлттық сананы арқау еткен салтымызға шынайы құрмет деген сөз", - деп түйіндеді президент.