https://sputnik.kz/20231003/qazaqstanda-biyl-68-mln-akimshilik-quqyq-buzushylyq-tirkeldi-38979038.html
Қазақстанда биыл 6,8 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді
Қазақстанда биыл 6,8 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді
Sputnik Қазақстан
Айыппұл ең көп салынған аймақ - Алматы 03.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-03T13:48+0500
2023-10-03T13:48+0500
2023-10-03T13:48+0500
айыппұл
https://sputnik.kz/img/306/15/3061510_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_5c2829bc1918905f472cbd945862f0d4.jpg
АЛМАТЫ, 3 қазан - Sputnik. Биыл 8 айда шамамен 6,8 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің орталықтандырылған деректер банкі мәлімдеді.5,5 млн құқық бұзушыға 128,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 88,3 млрд теңгесі өндірілген.Айыппұл ең көп салынған аймақ - Алматы. Мұнда 1 млн құқық бұзушылық болған. Салынған айыппұл 16,8 млрд теңге, соның12,7 млрд-ы төленген. Екінші орында Астана, 800 мың құқық бұзушылық болған. 12,7 млрд теңге сомасына айыппұл салынып, 8,6 млрд теңге төленген."Құқық бұзушылық ең аз жасалған - Павлодар облысы. 11,8 млрд теңге сомасына 92 мың айыппұл салынған, оның 11,3 млрд теңгесі төленген", - дейді ведомство.Барлық әкімшілік құқықбұзушылықтардың 95%-ін ішкі істер органдары анықтаған."5,3 млн құқық бұзушыға шамамен 68,4 млрд теңге көлемінде айыппұл салған, оның ішінде мемлекет бюджетіне 51,7 млрд теңге түскен. Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камералары тіркеген", - дейді Бас прокуратура.Жол бойындағы бейнекамера шардың арқасында 38,1 млрд теңге айыппұл салынды.
https://sputnik.kz/20230929/anuran-kezinde-qolyn-durys-ustamagan-askeri-qyzmetshige-ayyppul-salyndy-38862954.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/306/15/3061510_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_e8e48e23b657a704fa622dd55b80d2cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
айыппұл
Қазақстанда биыл 6,8 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді
Айыппұл ең көп салынған аймақ - Алматы
АЛМАТЫ, 3 қазан - Sputnik. Биыл 8 айда шамамен 6,8 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің орталықтандырылған деректер банкі мәлімдеді.
5,5 млн құқық бұзушыға 128,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 88,3 млрд теңгесі өндірілген.
"Айыппұлдардың басым бөлігі немесе 4,6 млн айыппұл алғашқы 7 тәулік ішінде 50% жеңілдікпен өндірілген. Бұл - 44,1 млрд теңге", - дейді Бас прокуратура.
Айыппұл ең көп салынған аймақ - Алматы. Мұнда 1 млн құқық бұзушылық болған. Салынған айыппұл 16,8 млрд теңге, соның12,7 млрд-ы төленген. Екінші орында Астана, 800 мың құқық бұзушылық болған. 12,7 млрд теңге сомасына айыппұл салынып, 8,6 млрд теңге төленген.
"Құқық бұзушылық ең аз жасалған - Павлодар облысы. 11,8 млрд теңге сомасына 92 мың айыппұл салынған, оның 11,3 млрд теңгесі төленген", - дейді ведомство.
Барлық әкімшілік құқықбұзушылықтардың 95%-ін ішкі істер органдары анықтаған.
"5,3 млн құқық бұзушыға шамамен 68,4 млрд теңге көлемінде айыппұл салған, оның ішінде мемлекет бюджетіне 51,7 млрд теңге түскен. Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камералары тіркеген", - дейді Бас прокуратура.
Жол бойындағы бейнекамера шардың арқасында 38,1 млрд теңге айыппұл салынды.