https://sputnik.kz/20230929/anuran-kezinde-qolyn-durys-ustamagan-askeri-qyzmetshige-ayyppul-salyndy-38862954.html
Әнұран кезінде қолын дұрыс ұстамаған әскери қызметшіге айыппұл салынды
Әнұран кезінде қолын дұрыс ұстамаған әскери қызметшіге айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Атырау қаласында Қазақстан әнұранына лайықты құрмет көрсетпеген әскери қызметшіге 170 мың теңгенің айыппұлы салынды, деп... 29.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-29T09:20+0500
2023-09-29T09:20+0500
2023-09-29T09:20+0500
әскери қызметкер
айыппұл
әнұран
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15161162_0:66:3068:1792_1920x0_80_0_0_60b62fdd21fb57274ac209ab31b08a6b.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Атырау қаласында Қазақстан әнұранына лайықты құрмет көрсетпеген әскери қызметшіге 170 мың теңгенің айыппұлы салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан AtyrauPress порталына сілтеме жасап. 16 қыркүйекте Мақат ауданында спорттық ойындар өткен. Сол кезде әскери қызметшілердің біреуі оң қолының екі саусағын ғана кеуде тұсына қойған. Бұның бәрі видеоға жазылып қалды. Осыдан кейін мемлекеттік рәміздерді насихаттау ұлттық орталығы облыстық ішкі саясат пен аудан әкімініне шағым түсіріп, әнұранға лайықты құрмет көрсетпеген әскери қызметшіні жауапқа тартуды талап етті. Жергілікті полиция басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, арыз "Е-Өтініш" порталы арқылы тіркелген. Одан кейін полиция бөлімінің қарауына түсті. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 458-бабы, 1-тармағы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалану және орындау) бойынша хаттама рәсімделді. Оған сәйкес, әскери қызметшіге 50 АЕК (172 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бір аптаның ішінде айыппұлдың жартысын ғана төлеуге болады. Ұлттық орталықтың директоры Руслан Хамзаның айтуынша, тура осындай жағдай төрт жыл бұрын болған. Сол кезде деструктивті діни ағымдардың құрбандарын қолдау ұйымы мини-футболдан турнир ұйымдастырған. Ашылу рәсімі кезінде әнұран қосылды. Бірақ екі ер адам қолын кеуде тұсына қойған жоқ. Сол үшін
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15161162_185:0:2916:2048_1920x0_80_0_0_841235cd16a053413506ad5341191e65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, айыппұл, әнұран
әскери қызметкер, айыппұл, әнұран
Әнұран кезінде қолын дұрыс ұстамаған әскери қызметшіге айыппұл салынды
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Атырау қаласында Қазақстан әнұранына лайықты құрмет көрсетпеген әскери қызметшіге 170 мың теңгенің айыппұлы салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
AtyrauPress порталына сілтеме жасап.
16 қыркүйекте Мақат ауданында спорттық ойындар өткен. Сол кезде әскери қызметшілердің біреуі оң қолының екі саусағын ғана кеуде тұсына қойған. Бұның бәрі видеоға жазылып қалды. Осыдан кейін мемлекеттік рәміздерді насихаттау ұлттық орталығы облыстық ішкі саясат пен аудан әкімініне шағым түсіріп, әнұранға лайықты құрмет көрсетпеген әскери қызметшіні жауапқа тартуды талап етті.
Жергілікті полиция басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, арыз "Е-Өтініш" порталы арқылы тіркелген. Одан кейін полиция бөлімінің қарауына түсті.
"Кінәлі адам анықталды, оған заң бойынша әкімшілік айыппұл салынды", - дейді Биғамбаев.
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 458-бабы, 1-тармағы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалану және орындау) бойынша хаттама рәсімделді. Оған сәйкес, әскери қызметшіге 50 АЕК (172 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бір аптаның ішінде айыппұлдың жартысын ғана төлеуге болады.
Ұлттық орталықтың директоры Руслан Хамзаның айтуынша, тура осындай жағдай төрт жыл бұрын болған. Сол кезде деструктивті діни ағымдардың құрбандарын қолдау ұйымы мини-футболдан турнир ұйымдастырған. Ашылу рәсімі кезінде әнұран қосылды. Бірақ екі ер адам қолын кеуде тұсына қойған жоқ. Сол үшін