https://sputnik.kz/20231003/prezident-aktivterdi-qaytaru-ushin-zanga-taueldi-aktilerdi-zhedel-qabyldaudy-tapsyrdy-39006295.html
Президент активтерді қайтару үшін заңға тәуелді актілерді жедел қабылдауды тапсырды
Президент активтерді қайтару үшін заңға тәуелді актілерді жедел қабылдауды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар президент заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылдау кезінде Конституция талаптарын сақтау қажет екенін атап өтті 03.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-03T17:08+0500
2023-10-03T17:08+0500
2023-10-03T17:08+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/513/47/5134798_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_24219f9283fdf03f33dabf1b768209af.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаевқа әділет органдарының биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды.Мемлекет басшысына қабылданып жатқан заңнамалық шаралар, атап айтқанда Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерін оңтайландыру үшін әзірленген заң жобалары, сондай-ақ әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері жөнінде мәлімет берілді.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Азамат Есқараевқа "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңды жүзеге асыруға қатысты заңға тәуелді актілерді жедел қабылдау үшін Бас прокуратурамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды. Сонымен қатар президент заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылдау кезінде мүдделі мемлекеттік органдармен үйлесімді жұмыс істеп, Конституция талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
https://sputnik.kz/20230927/deputat-shetelden-qaytarylgan-aqshany-zauyt-fabrika-saluga-zhumsaudy-usyndy-38821933.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/513/47/5134798_116:0:2783:2000_1920x0_80_0_0_b953e6fc82f934c7a031d490aef5a20c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Президент активтерді қайтару үшін заңға тәуелді актілерді жедел қабылдауды тапсырды
Сонымен қатар президент заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылдау кезінде Конституция талаптарын сақтау қажет екенін атап өтті
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа әділет органдарының биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды.
Мемлекет басшысына қабылданып жатқан заңнамалық шаралар, атап айтқанда Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерін оңтайландыру үшін әзірленген заң жобалары, сондай-ақ әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері жөнінде мәлімет берілді.
"Бұдан бөлек, президентке азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлікке қатысты құқықтар, нотариаттық, адвокаттық қызметтер, атқарушылық іс жүргізу салаларындағы жаңалықтар және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау шаралары туралы айтылды", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Азамат Есқараевқа "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңды жүзеге асыруға қатысты заңға тәуелді актілерді жедел қабылдау үшін Бас прокуратурамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды. Сонымен қатар президент заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылдау кезінде мүдделі мемлекеттік органдармен үйлесімді жұмыс істеп, Конституция талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.