https://sputnik.kz/20231002/toqaev-qogamdyq-baqylau-turaly-eki-zanga-qol-qoydy-38965574.html
Тоқаев қоғамдық бақылау туралы екі заңға қол қойды
Тоқаев қоғамдық бақылау туралы екі заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
50 мыңнан астам дауыс жинаған петиция үкімет деңгейінде қаралады 02.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-02T19:45+0500
2023-10-02T19:45+0500
2023-10-02T19:45+0500
петиция
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_6271df3c364a026c194a1d29a4f3baea.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қоғамдық бақылау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.Заңнамаға петиция ұғымы енгізілді. Петицияны міндетті түрде қарау үшін аудандық, облыстық және республикалық деңгейде дауыс шегі болады. Сол шекті мәнге жеткен петиция ғана қолдау тапты деп саналады.Петицияны қарау үшін қанша қол қажет:Петицияның мазмұнына қатысты шектеулер бар. Атап айтқанда, конституциялық құрылымды бұзу, әкімшілік-аумақтық бірлікті және шекараны өзгерту, мемлекеттік құпиялар, арнайы қызметтер, тіл және тағы басқа мәселелер петиция ретінде қабылданбайды. Бұдан бөлек, халық министр мен әкімнің отставкасын петиция арқылы талап ете алмайды.
https://sputnik.kz/20230921/petitsiya-ukimet-dengeyinde-qaralu-ushin-qansha-qol-zhinau-kerek-38655796.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_c0feef814205df404c8c8a1e4f490dc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петиция, қасым-жомарт тоқаев
петиция, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев қоғамдық бақылау туралы екі заңға қол қойды
50 мыңнан астам дауыс жинаған петиция үкімет деңгейінде қаралады
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қоғамдық бақылау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Заңнамаға петиция ұғымы енгізілді. Петицияны міндетті түрде қарау үшін аудандық, облыстық және республикалық деңгейде дауыс шегі болады. Сол шекті мәнге жеткен петиция ғана қолдау тапты деп саналады.
Петицияны қарау үшін қанша қол қажет:
аудандық әкімдікте қаралатын петицияға – 2,5 мың дауыс. Бірақ сол елді мекендегі халықтың саны 50 мың адамнан аспауы шарт;
мәслихатта қарауға – 5 мың қол;
облыс әкімдігі деңгейінде қарау үшін өңір халқының 1 проценті қолдауы керек;
облыс мәслихаттары үшін 2 проценттік шек бар.
республикалық, үкіметтік деңгейде қарау үшін петиция 50 мың дауыс жинауы керек. Сонда ол мәселе үкіметте қаралады.
Петицияның мазмұнына қатысты шектеулер бар. Атап айтқанда, конституциялық құрылымды бұзу, әкімшілік-аумақтық бірлікті және шекараны өзгерту, мемлекеттік құпиялар, арнайы қызметтер, тіл және тағы басқа мәселелер петиция ретінде қабылданбайды.
Бұдан бөлек, халық министр мен әкімнің отставкасын петиция арқылы талап ете алмайды.