https://sputnik.kz/20230921/petitsiya-ukimet-dengeyinde-qaralu-ushin-qansha-qol-zhinau-kerek-38655796.html
Петиция үкімет деңгейінде қаралу үшін қанша қол жинау керек
Петиция үкімет деңгейінде қаралу үшін қанша қол жинау керек
Sputnik Қазақстан
Халық министр мен әкімнің отставкасын петиция арқылы талап ете алмайды 21.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-21T14:21+0500
2023-09-21T14:21+0500
2023-10-02T19:17+0500
петиция
үкімет
https://sputnik.kz/img/939/52/9395239_0:29:1571:913_1920x0_80_0_0_661d122de8a8d7ef92b9d348493a4dc1.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров петицияны қарау бойынша бекітілген шекті мәндерді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заң бойынша петицияны міндетті түрде қарау үшін аудандық, облыстық және республикалық деңгейде оны қолдайтын дауыстың шегі болады. Сол шекті мәнге жеткен петиция ғана қолдау тапты деп саналады."Мәселен, аудандық әкімдікте қаралатын петиция 2,5 мың дауыс жинауы керек. Бірақ сол елді мекендегі халықтың саны 50 мың адамнан аспауы шарт. Мәслихатта қаралу үшін 5 мың қол болу керек, облыс әкімдігі деңгейінде қарау үшін өңір халқының 1 проценті қолдауы керек. Облыс мәслихаттары үшін 2 проценттік шек бар. Ал республикалық, үкіметтік деңгейде қарау үшін петиция 50 мың дауыс жинауы керек. Сонда ол мәселе үкіметте қаралады", - деді Қадыров сенатта өткен брифингте.Оның айтуынша, мемлекеттік органдар дауыс жиналғанын күтіп отырмайды. Петицияда айтылған мәселені бақылауға ала алады.Петицияның мазмұнына қатысты шектеулер бар. Атап айтқанда, конституциялық құрылымды бұзу, әкімшілік-аумақтық бірлікті және шекараны өзгерту, мемлекеттік құпиялар, арнайы қызметтер, тіл және тағы басқа мәселелер петиция ретінде қабылданбайды. Бұдан бөлек, халық министр мен әкімнің отставкасын петиция арқылы талап ете алмайды.Айта кетері, бүгін сенат депутаттары қоғамдық бақылауға қатысты заңды мақұлдады. Бұл құжатта петиция жариялау тәртібі көрсетілген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/939/52/9395239_115:0:1456:1006_1920x0_80_0_0_902544cec657fdc16deb3df85fc5d443.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петиция, үкімет
Петиция үкімет деңгейінде қаралу үшін қанша қол жинау керек
14:21 21.09.2023 (жаңартылды: 19:17 02.10.2023) Халық министр мен әкімнің отставкасын петиция арқылы талап ете алмайды
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров петицияны қарау бойынша бекітілген шекті мәндерді жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң бойынша петицияны міндетті түрде қарау үшін аудандық, облыстық және республикалық деңгейде оны қолдайтын дауыстың шегі болады. Сол шекті мәнге жеткен петиция ғана қолдау тапты деп саналады.
"Мәселен, аудандық әкімдікте қаралатын петиция 2,5 мың дауыс жинауы керек. Бірақ сол елді мекендегі халықтың саны 50 мың адамнан аспауы шарт. Мәслихатта қаралу үшін 5 мың қол болу керек, облыс әкімдігі деңгейінде қарау үшін өңір халқының 1 проценті қолдауы керек. Облыс мәслихаттары үшін 2 проценттік шек бар. Ал республикалық, үкіметтік деңгейде қарау үшін петиция 50 мың дауыс жинауы керек. Сонда ол мәселе үкіметте қаралады", - деді Қадыров сенатта өткен брифингте.
Оның айтуынша, мемлекеттік органдар дауыс жиналғанын күтіп отырмайды. Петицияда айтылған мәселені бақылауға ала алады.
"Құзіретті орган немесе министрлік петицияның көп дауыс жинап жатқанын көріп, ол мәселені алдын алу қарастыруға дайындала алады. Комиссия немесе жұмыс тобын құрып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сөйтіп, петицияның шекті деңгейге жеткенін күтпей, проблеманы шеше алады", - деп атап өтті Қадыров.
Петицияның мазмұнына қатысты шектеулер бар. Атап айтқанда, конституциялық құрылымды бұзу, әкімшілік-аумақтық бірлікті және шекараны өзгерту, мемлекеттік құпиялар, арнайы қызметтер, тіл және тағы басқа мәселелер петиция ретінде қабылданбайды. Бұдан бөлек, халық министр мен әкімнің отставкасын петиция арқылы талап ете алмайды.
Айта кетері, бүгін сенат депутаттары қоғамдық бақылауға қатысты заңды мақұлдады. Бұл құжатта петиция жариялау тәртібі көрсетілген.