https://sputnik.kz/20231002/kentauda-zhylu-beru-mausymy-25-qazanga-shegerildi-qazandyqtar-ali-dayyn-emes-38931256.html
Кентауда жылу беру маусымы 25 қазанға шегерілді: қазандықтар әлі дайын емес
Кентауда жылу беру маусымы 25 қазанға шегерілді: қазандықтар әлі дайын емес
Sputnik Қазақстан
Төрт қазандықтың жөндеу жұмыстары кестеден кешіктіріліп жатыр, тағы төрт қазандықтың жабдықтары ЖЭО-ға жеткізілмеді 02.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-02T10:09+0500
2023-10-02T10:09+0500
2023-10-02T10:09+0500
жылу беру маусымы
кентау
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/02/38926988_0:0:1081:608_1920x0_80_0_0_d801ee034f158520a62e5f945146fccd.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Энергетика министрлігі, атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері және мердігер ұйымдардың басшылары қатысуымен өткен жиында Кентау жылу электр орталығындағы төрт қазандықтағы жөндеу жұмыстары 85%-ға ғана орындалғаны белгілі болды. Ведомстводағылар қазандықтарды іске қосудың жаңа мерзімі 20 қазанға белгіленгенін мәлімдеді. Қалада 4,7 километр магистральдық жылу магистралі ауыстырылды. Станцияда 8, 9, 10, 11 қазандықтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық демонтаж және дайындық жұмыстары жүргізілді, бірақ жаңадан шығарылған құрал-жабдықтар стансаға әлі жеткізілген жоқ. "Айналмалы жабдықтардың, ысырма арматура және бірқатар жылыту беттерінің қажетті көлемде жеткізілмеуіне байланысты монтаждау операцияларының мерзімі кейінге шегерілді. Іс жүзінде кестеден кешігу 14-тен 30 күнге дейін созылды", - деп хабарлады ведомстводағылар. 4 қазандықтан тұратын жылыту маусымының басталуы 25 қазанға жоспарланған.
https://sputnik.kz/20230919/bilim-nysandarynyn-996-protsenti-zhylu-beru-mausymyna-dayyn-38599918.html
кентау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/02/38926988_0:0:961:720_1920x0_80_0_0_cb5404a33f975e3eed6cc933ee0dedde.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу беру маусымы, кентау
жылу беру маусымы, кентау
Кентауда жылу беру маусымы 25 қазанға шегерілді: қазандықтар әлі дайын емес
Төрт қазандықтың жөндеу жұмыстары кестеден кешіктіріліп жатыр, тағы төрт қазандықтың жабдықтары ЖЭО-ға жеткізілмеді
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Энергетика министрлігі, атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері және мердігер ұйымдардың басшылары қатысуымен өткен жиында Кентау жылу электр орталығындағы төрт қазандықтағы жөндеу жұмыстары 85%-ға ғана орындалғаны белгілі болды.
"Талқылау нәтижесінде зауыттарда өндірілетін қажетті жабдықтарды жеткізу мерзімін, сондай-ақ қосымша көтеру механизмдерін тартуды ескере отырып, жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілді", - деп хабарлады энергетика министрлігіндегілер.
Ведомстводағылар қазандықтарды іске қосудың жаңа мерзімі 20 қазанға белгіленгенін мәлімдеді. Қалада 4,7 километр магистральдық жылу магистралі ауыстырылды. Станцияда 8, 9, 10, 11 қазандықтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық демонтаж және дайындық жұмыстары жүргізілді, бірақ жаңадан шығарылған құрал-жабдықтар стансаға әлі жеткізілген жоқ.
"Айналмалы жабдықтардың, ысырма арматура және бірқатар жылыту беттерінің қажетті көлемде жеткізілмеуіне байланысты монтаждау операцияларының мерзімі кейінге шегерілді. Іс жүзінде кестеден кешігу 14-тен 30 күнге дейін созылды", - деп хабарлады ведомстводағылар.
4 қазандықтан тұратын жылыту маусымының басталуы 25 қазанға жоспарланған.