https://sputnik.kz/20230919/bilim-nysandarynyn-996-protsenti-zhylu-beru-mausymyna-dayyn-38599918.html
Білім нысандарының 99,6 проценті жылу беру маусымына дайын
Білім нысандарының 99,6 проценті жылу беру маусымына дайын
Sputnik Қазақстан
Республика бойынша барлық қаржыландыру көзі есебінен 573 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспарланған 19.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-19T20:36+0500
2023-09-19T20:36+0500
2023-09-19T20:36+0500
жылу
білім
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0a/32817753_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_b637d105d587c1dcdbf4609b34212ed0.jpg
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда білім беру нысандарының 99,6% жылу беру маусымына дайын, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Әкімдіктер ұсынған ақпаратқа сәйкес сегіз өңірдегі 42 білім беру нысанынде әлі де жұмыстар жүргізіліп жатыр.Денсаулық сақтау нысандары бойынша дайындық 98,9%-ды құрайды. Тоғыз өңірде 62 нысан бойынша дайындық жұмыстары жалғасуда. Дайындалмаған нысандарының ең көбі Абай, Ақтөбе, Атырау облыстарында тіркелді.Дайындықтың төмен қарқыны – Маңғыстау облысында, Шымкент және Алматы қалаларында. Қыркүйек айының соңына дейін инженерлік инфрақұрылымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет болатын."Жалпы республика бойынша барлық қаржыландыру көзі есебінен 573 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда жоспардың 498 шақырымы немесе 86,8%-ы орындалды. Алматы, Маңғыстау және Атырау облыстарында жылу желілерін жөндеу жұмыстары 70%-дан төмен орындалған", — деді өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.Министрдің айтуынша, биыл 133 шақырым жылу желілерін қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 109,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінде жұмыстар 78%-ға орындалды немесе 103 шақырым жылу желілері салынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0a/32817753_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_41d15574a9aef2246cfcf405deb223cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу, білім
Білім нысандарының 99,6 проценті жылу беру маусымына дайын
Республика бойынша барлық қаржыландыру көзі есебінен 573 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспарланған
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда білім беру нысандарының 99,6% жылу беру маусымына дайын, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Әкімдіктер ұсынған ақпаратқа сәйкес сегіз өңірдегі 42 білім беру нысанынде әлі де жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Денсаулық сақтау нысандары бойынша дайындық 98,9%-ды құрайды. Тоғыз өңірде 62 нысан бойынша дайындық жұмыстары жалғасуда. Дайындалмаған нысандарының ең көбі Абай, Ақтөбе, Атырау облыстарында тіркелді.
"Тұрғын үй қорының дайындығына келетін болсақ, 47 мың үйде дайындық жұмыстары аяқталды, бұл жоспардың 94%-ын құрайды. 3 мыңға жуық тұрғын үй қысқы кезеңге әлі дайын емес", - деп жазылған хабарламада.
Дайындықтың төмен қарқыны – Маңғыстау облысында, Шымкент және Алматы қалаларында. Қыркүйек айының соңына дейін инженерлік инфрақұрылымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет болатын.
"Жалпы республика бойынша барлық қаржыландыру көзі есебінен 573 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда жоспардың 498 шақырымы немесе 86,8%-ы орындалды. Алматы, Маңғыстау және Атырау облыстарында жылу желілерін жөндеу жұмыстары 70%-дан төмен орындалған", — деді өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Министрдің айтуынша, биыл 133 шақырым жылу желілерін қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 109,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінде жұмыстар 78%-ға орындалды немесе 103 шақырым жылу желілері салынды.