Қазақстанда астық тиеу жоспары 32%-ға ғана орындалды

© Sputnik / Игорь Агеенко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жаңа егіннен астық тиеу жоспары 32%-ға ғана орындалды, деп хабарлайды APK жаңалықтары ақпарат агенттігі Қостанай облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.
"27 қыркүйектегі жағдай бойынша астық және тартуға жататын өнімдерді тиеу жоспары 32%-ға ғана орындалды. Негізгі және қосымша жоспарлар бойынша қыркүйекте 864 мың тонна астық, оның ішінде 350 мың тонна бидай, 233 мың тонна тартуға жататын өнімдерді және 281 мың тонна контейнердегі дәнді астықты тиеу жоспарланған", - деп жазылған палатаның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Жүк жөнелтушілердің айтуынша, бұған астық жинау жұмыстарының баяу жүруі себеп болған.
Бұған дейін Қазақстанда жоспарланған астықтың 60%-ға жуығы немесе 10,3 миллион егіс алқабынан астық жиналғаны хабарланған болатын.
Сол кезде Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл диқандар бірқатар мәселеге тап болғанын атап өтті. Яғни, оңтүстік облыстарда құрғақшылық болды, ал солтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұл егіннің жай-күйі мен өнім сапасына әсер етті.
Ведомство күтілетін астық түсімі Қазақстанды нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз етуге жететінін, бірақ экспорттық әлеует төмендейтінін айтты.
Президент ознакомился с ходом уборочной кампании - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2023
Қазақстанда егіннің 60%-ке жуығы жиналды – министрлік
Жаңалықтар
0