https://sputnik.kz/20230927/qazaqstanda-eginnin-60-ke-zhuygy-zhinaldy--ministrlik-38827486.html
Қазақстанда егіннің 60%-ке жуығы жиналды – министрлік
Қазақстанда егіннің 60%-ке жуығы жиналды – министрлік
Sputnik Қазақстан
Биыл фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болды 27.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-27T20:20+0500
2023-09-27T20:20+0500
2023-09-27T20:20+0500
егін
ауыл шаруашылығы
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18064731_0:74:3198:1873_1920x0_80_0_0_d1b0ad04d0e0a3f8acaccb9e43a1b23f.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек - Sputnik. Бүгінгі таңда Қазақстанда 10,3 млн гектар егін жиналды, бұл жоспарланған алаңның 59,9%-ын құрайды. 9,5 млн ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 6,9 млн тонна бидай орылды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.Министрлік атап өткендей, биыл фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болды. Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қалың жаңбыр жауды. Бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына кері әсер етті.Алайда астықтың күтілетін өнімі Қазақстанды нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз етуге жеткілікті.Сондай-ақ ведомство аграрларды қолдау шараларына да тоқталып өтті.Қазір маңызды міндет – фермерлерге қажетті қолдау көрсету. Атап айтқанда, астықты кептіру үшін жеңілдетілген дизель отынын бөлу мәселесі пысықталды. Облыстардың астық кептіруге арналған отынға жалпы қажеттілігі – 73 мың тонна. Оның 19 мың тоннасын қолда бар резерв есебінен жабу жоспарлануда.Барлық астық қабылдау кәсіпорындарының астықты қабылдауға дайындығы қайта тексерілді. Республика бойынша астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,9 млн тоннаны құрайды.Сондай-ақ фермерлер үшін айыппұл санкцияларын қолданбай несиелерді төлеу мерзімін ұзарту мәселелері жеке пысықталуда, бұл болашақта олардың несие тарихының бұзылмауына мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20230927/astyq-importyn-shekteu-tyyym-kimderge-aser-etpeydi-38818463.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18064731_301:0:2897:1947_1920x0_80_0_0_d9f9e5b6ed75872e4515bb8b3b544017.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
егін, ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы министрлігі
егін, ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстанда егіннің 60%-ке жуығы жиналды – министрлік
Биыл фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болды
АСТАНА, 27 қыркүйек - Sputnik. Бүгінгі таңда Қазақстанда 10,3 млн гектар егін жиналды, бұл жоспарланған алаңның 59,9%-ын құрайды. 9,5 млн ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 6,9 млн тонна бидай орылды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік атап өткендей, биыл фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болды. Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қалың жаңбыр жауды. Бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына кері әсер етті.
Алайда астықтың күтілетін өнімі Қазақстанды нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз етуге жеткілікті.
"Елімізде өткен жылғы жоғары сапалы астықтың мол қоры бар. Өнімділіктің төмендеуіне байланысты экспорттық әлеует төмендейді, алайда республика дәстүрлі экспорттық нарықтардағы өз позициясын сақтайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомство аграрларды қолдау шараларына да тоқталып өтті.
Қазір маңызды міндет – фермерлерге қажетті қолдау көрсету. Атап айтқанда, астықты кептіру үшін жеңілдетілген дизель отынын бөлу мәселесі пысықталды. Облыстардың астық кептіруге арналған отынға жалпы қажеттілігі – 73 мың тонна. Оның 19 мың тоннасын қолда бар резерв есебінен жабу жоспарлануда.
Барлық астық қабылдау кәсіпорындарының астықты қабылдауға дайындығы қайта тексерілді. Республика бойынша астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,9 млн тоннаны құрайды.
Сондай-ақ фермерлер үшін айыппұл санкцияларын қолданбай несиелерді төлеу мерзімін ұзарту мәселелері жеке пысықталуда, бұл болашақта олардың несие тарихының бұзылмауына мүмкіндік береді.