https://sputnik.kz/20230929/qazaqstan-sanktsiyalyq-teketiresterge-qarsy--toqaev-38887001.html
Қазақстан санкциялық текетірестерге қарсы – Тоқаев
Қазақстан санкциялық текетірестерге қарсы – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Саяси тұрғыда негізделген шектеулер халықаралық қатынастардағы жалпы ахуалға сызат түсіреді 29.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-29T20:30+0500
2023-09-29T20:30+0500
2023-09-29T20:30+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1d/38884711_49:0:1233:666_1920x0_80_0_0_b9cfe714210594587b2924b1a7d590aa.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесуіне қатысты, деп хабарлады Ақорда.Президент ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталып, сауда-экономикалық кооперацияны кеңейтуді басты міндет ретінде атады."Германиямен жалпыаймақтық сауда-саттық қарқынды дамып келеді және өткен жылдың қорытындысы бойынша оның көрсеткіші 11 миллиард долларды құрады. Осы тауар айналымының 80 пайыздан астамы Қазақстанға тиесілі. Біз ГФР-ға жалпы сомасы 850 миллион доллар болатын қосымша 100 шикізаттық емес тауар түрі бойынша экспортты ұлғайтуға дайынбыз. Бұл жерде мұнай химиясы, металлургия, тамақ өнеркәсібі өнімдері туралы сөз болып отыр", – деді мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, өзара тауар айналымының өсімі аймақ елдерінен импортталатын өнімдерге қатысты ұзақмерзімді келісімшарт жасауға, сондай-ақ Еуропа одағының Бас жүйесіндегі жеңілдіктер (GSP+) сияқты Орталық Азия мемлекеттеріне де арнайы сауда жеңілдіктерін ұсынуға ықпал ете алады. Президент сауда шарттарын жеңілдету жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін салалық ведомстволардың басшылары деңгейінде бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынды.Мемлекет басшысы санкциялық текетірестерді айыптап, шектеусіз және кедергісіз сауда-саттықты жақтады.Ол бейбітшілік пен ынтымақтастықтың өзара тиімді формуласын табу үшін сындарлы дипломатияның уақыты келді деп санайды."Мен бұл туралы жуырда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының мінберінде сөйлеген сөзімде айттым. Қазақстан барлық мүдделі мемлекетпен арадағы кедергісіз сауданы дамытуды және инвестициялық ынтымақтастық орнатуды жақтайды", - деп толықтырды ол.Қазақстан президенті ауыл шаруашылығын келесі басым бағыт ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы германиялық серіктестердің қолдауымен Қазақстанда Орнықты егіншіліктің аймақтық орталығын құруды ұсынды. Оның айтуынша, аталған орталық теориялық әзірлемелер бойынша тәжірибе алмасуға, сондай-ақ оларды қолданысқа енгізуге және коммерцияландыруға септігін тигізе алар еді.Мемлекет басшысы инвестициялық серіктестікті одан әрі дамытудың перспективасы зор екеніне назар аударды."Германия 30 жылдан астам уақыт ел экономикасының негізгі инвесторларының қатарында келеді. Қазақстан ГФР-мен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруды көздейді және ESG қағидаттарын сақтай отырып, неміс инвесторлары үшін барлық қажетті жағдайды жасауға дайын", – деді мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев аймаққа Германияның ірі банктерін тарту инвестициялық ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өтті.
https://sputnik.kz/20230929/toqaev-bushty-qabyldady-38884351.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1d/38884711_197:0:1085:666_1920x0_80_0_0_0b6a66de07575e5cf553e2f3ac126dc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Қазақстан санкциялық текетірестерге қарсы – Тоқаев
Саяси тұрғыда негізделген шектеулер халықаралық қатынастардағы жалпы ахуалға сызат түсіреді
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесуіне қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Президент ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталып, сауда-экономикалық кооперацияны кеңейтуді басты міндет ретінде атады.
"Германиямен жалпыаймақтық сауда-саттық қарқынды дамып келеді және өткен жылдың қорытындысы бойынша оның көрсеткіші 11 миллиард долларды құрады. Осы тауар айналымының 80 пайыздан астамы Қазақстанға тиесілі. Біз ГФР-ға жалпы сомасы 850 миллион доллар болатын қосымша 100 шикізаттық емес тауар түрі бойынша экспортты ұлғайтуға дайынбыз. Бұл жерде мұнай химиясы, металлургия, тамақ өнеркәсібі өнімдері туралы сөз болып отыр", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, өзара тауар айналымының өсімі аймақ елдерінен импортталатын өнімдерге қатысты ұзақмерзімді келісімшарт жасауға, сондай-ақ Еуропа одағының Бас жүйесіндегі жеңілдіктер (GSP+) сияқты Орталық Азия мемлекеттеріне де арнайы сауда жеңілдіктерін ұсынуға ықпал ете алады. Президент сауда шарттарын жеңілдету жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін салалық ведомстволардың басшылары деңгейінде бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынды.
Мемлекет басшысы санкциялық текетірестерді айыптап, шектеусіз және кедергісіз сауда-саттықты жақтады.
"Қазақстан санкциялық текетірестерге қарсы. Өйткені саяси тұрғыда негізделген шектеулер халықаралық қатынастардағы жалпы ахуалға сызат түсіреді және мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына кері әсер етеді. Сонымен бірге біз аймақтық саясаттағы санкциялық шектеулерді ескеруге мәжбүрміз", – деді Тоқаев.
Ол бейбітшілік пен ынтымақтастықтың өзара тиімді формуласын табу үшін сындарлы дипломатияның уақыты келді деп санайды.
"Мен бұл туралы жуырда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының мінберінде сөйлеген сөзімде айттым. Қазақстан барлық мүдделі мемлекетпен арадағы кедергісіз сауданы дамытуды және инвестициялық ынтымақтастық орнатуды жақтайды", - деп толықтырды ол.
Қазақстан президенті ауыл шаруашылығын келесі басым бағыт ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы германиялық серіктестердің қолдауымен Қазақстанда Орнықты егіншіліктің аймақтық орталығын құруды ұсынды. Оның айтуынша, аталған орталық теориялық әзірлемелер бойынша тәжірибе алмасуға, сондай-ақ оларды қолданысқа енгізуге және коммерцияландыруға септігін тигізе алар еді.
Мемлекет басшысы инвестициялық серіктестікті одан әрі дамытудың перспективасы зор екеніне назар аударды.
"Германия 30 жылдан астам уақыт ел экономикасының негізгі инвесторларының қатарында келеді. Қазақстан ГФР-мен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруды көздейді және ESG қағидаттарын сақтай отырып, неміс инвесторлары үшін барлық қажетті жағдайды жасауға дайын", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев аймаққа Германияның ірі банктерін тарту инвестициялық ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өтті.