Тоқаев Бушты қабылдады

© PhotoҚасым-Жомарт Тоқаев, архивтегі фото
Қасым-Жомарт Тоқаев, архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2023
Жазылу
Келіссөз барысында өнеркәсіп, энергетика, машина жасау және цифрландыру салаларындағы өзара ықпалдастықтың мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens AG компаниясының басқарма төрағасы Роланд Бушты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев Қазақстан нарығына алғаш келген неміс компанияларының бірі – Siemens еліміздің технологиялық дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Президент Siemens AG компаниясымен ынтымақтастықтың келешегі зор екенін айтты.
"Кездесуде диалогты жалғастыру және инновациялық дамуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыру маңызды екені атап өтілді", - деп жазылған хабарламада.
Siemens AG компаниясы – көлік, энергетика, медицина құрал-жабдықтары, электр және жарық техникасы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын, сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі саласында арнаулы қызмет көрсететін Германия және Еуропа Одағы аумағындағы ірі индустриялық конгломерат.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2023
Тоқаев Германия президентінің Украинадағы дағдарысқа қатысты пікіріне жауап қайтарды
Жаңалықтар
0