https://sputnik.kz/20230927/zhol-zhasalmagan-balabaqsha-zhoq-almaty-oblysynda-ush-auyldyn-turgyndary-narazylyq-bildirdi-38823890.html
"Жол жасалмаған, балабақша жоқ": Алматы облысында үш ауылдың тұрғындары наразылық білдірді
"Жол жасалмаған, балабақша жоқ": Алматы облысында үш ауылдың тұрғындары наразылық білдірді
Sputnik Қазақстан
Sputnik Қазақстан тілшісі барған күннің ертеңінде жол мәселесі дереу қолға алынды 27.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-27T19:49+0500
2023-09-27T19:49+0500
2023-09-27T19:49+0500
алматы облысы
жол
жол жөндеу
балабақша
ауыл
өзекті мәселелер
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1b/38823728_0:1:1919:1080_1920x0_80_0_0_80df158d5dee05334b4c370f0eb87131.jpg
АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық округіне қарасты үш ауылдың тұрғындары әлеуметтік жағдайларына наразы. Алматының іргесіндегі ауылдың жағдайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.Қаражота ауылдық округі Алматыдан 120 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл округке Қаражота, Сарыбұлақ, Ақтоған ауылдары кіреді. Әрқайсысында 2000-ға жуық халық тұрады. Әр ауылдың өзіне тиесілі түрлі проблемасы бар.Ауыл болып іргесі қаланғалы Сарыбұлақ ауылында бірде бір мектеп болмаған. 200-ге жуық оқушы жатақхана ғимаратында оқып жүр. Бұл ауылда бос қалған ғимаратты мұғалімдер мектеп етіп жасап алған.Ал Ақтоған мен дәл осы Сарбұлақ ауылдарында балабақша да жоқ. Көлігі барлар 15 шақырым жердегі Шелек ауылындағы балабақшаға тасиды. Ал көлігі жоқтар жұмыс істей алмай, үйде отырады."Жастар бұл ауылда алма теріп, күн көреді. Ол да маусымдық жұмыс қой. Ал тұрақты жұмысқа кірейін десе балаларын апаратын балабақша жоқ. Мен де немеремді бағып отырмын. Ал мен сияқты қарт ата-анасы жоқтар балаға байланып, үйден шыға алмайды", - дейді Сарбұлақ ауылының тұрғыны Дәмеш Мақажанова.Бір округтегі үш ауылдың тек біреуінде ғана балақбақша бар.Бұдан бөлек Қаражота округінің үш ауылында күре жол жөндеу көрмеген."Үш ауылға апаратын жолдың барлығы нашар. Ойылып кеткен. Абайлап жүрмесек не дөңгелек жарылады, не көлік сынады. Шұңқырлардан қашып, әйтеуір жүріп жүрміз", - дейді округ тұрғыны Талғат Қожабеков.Мәселенің мән жайын Қаражота ауылдық округінің әкімінен сұрадық."Үш ауылдың тек біреуінде ғана балабақша бары рас. Ол Қаражота ауылында орналасқан. 160 балаға арналған балабақшаға қазір 80 бала ғана барып жүр. Ақтоған мен Сарбұлақ ауылынан балаларын ата-аналар жол қашық деп әкелмейді. Жақында жергілікті кәсіпкер өз қаражатына балабақша салып беремін деп уәде берді. Сол кәсіпкермен келіссөздер жүргізіп, жобалық-сметалық құжатын жасағалы жатырмыз", - дейді Қаражота ауылдық округінің әкімі Ерік Рахымбаев.Әкімнің айтуынша, округтегі жолдарды жөндеу жұмыстары басталып кетті. Sputnik Қазақстан тілшісі барған күннің ертеңінде жол мәселесі дереу қолға алынған."Бұл – облыстық маңызы бар жолдар. Жолдың мәселесі облыстық маслихат жиынында айтылған. Жалпы окургте 22 көпір бар. Сол көпірлерді бірінші жасап алу керек. Жол жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүргізіліп жатыр", - дейді Ерік Рахымбаев.
https://sputnik.kz/20230925/almaty-oblysynda-200-den-astam-oqushy-zhataqkhanada-oqyp-zhatyr-38759561.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1b/38823728_350:0:1790:1080_1920x0_80_0_0_b91f87cf853a70ef822d1391716b0699.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, жол, жол жөндеу, балабақша, ауыл, өзекті мәселелер
алматы облысы, жол, жол жөндеу, балабақша, ауыл, өзекті мәселелер
"Жол жасалмаған, балабақша жоқ": Алматы облысында үш ауылдың тұрғындары наразылық білдірді
Sputnik Қазақстан тілшісі барған күннің ертеңінде жол мәселесі дереу қолға алынды
АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық округіне қарасты үш ауылдың тұрғындары әлеуметтік жағдайларына наразы. Алматының іргесіндегі ауылдың жағдайын
Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Қаражота ауылдық округі Алматыдан 120 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл округке Қаражота, Сарыбұлақ, Ақтоған ауылдары кіреді. Әрқайсысында 2000-ға жуық халық тұрады. Әр ауылдың өзіне тиесілі түрлі проблемасы бар.
Ауыл болып іргесі қаланғалы Сарыбұлақ ауылында бірде бір мектеп болмаған. 200-ге жуық оқушы жатақхана ғимаратында оқып жүр. Бұл ауылда бос қалған ғимаратты мұғалімдер мектеп етіп жасап алған.
Ал Ақтоған мен дәл осы Сарбұлақ ауылдарында балабақша да жоқ. Көлігі барлар 15 шақырым жердегі Шелек ауылындағы балабақшаға тасиды. Ал көлігі жоқтар жұмыс істей алмай, үйде отырады.
"Жастар бұл ауылда алма теріп, күн көреді. Ол да маусымдық жұмыс қой. Ал тұрақты жұмысқа кірейін десе балаларын апаратын балабақша жоқ. Мен де немеремді бағып отырмын. Ал мен сияқты қарт ата-анасы жоқтар балаға байланып, үйден шыға алмайды", - дейді Сарбұлақ ауылының тұрғыны Дәмеш Мақажанова.
Бір округтегі үш ауылдың тек біреуінде ғана балақбақша бар.
Бұдан бөлек Қаражота округінің үш ауылында күре жол жөндеу көрмеген.
"Үш ауылға апаратын жолдың барлығы нашар. Ойылып кеткен. Абайлап жүрмесек не дөңгелек жарылады, не көлік сынады. Шұңқырлардан қашып, әйтеуір жүріп жүрміз", - дейді округ тұрғыны Талғат Қожабеков.
Мәселенің мән жайын Қаражота ауылдық округінің әкімінен сұрадық.
"Үш ауылдың тек біреуінде ғана балабақша бары рас. Ол Қаражота ауылында орналасқан. 160 балаға арналған балабақшаға қазір 80 бала ғана барып жүр. Ақтоған мен Сарбұлақ ауылынан балаларын ата-аналар жол қашық деп әкелмейді. Жақында жергілікті кәсіпкер өз қаражатына балабақша салып беремін деп уәде берді. Сол кәсіпкермен келіссөздер жүргізіп, жобалық-сметалық құжатын жасағалы жатырмыз", - дейді Қаражота ауылдық округінің әкімі Ерік Рахымбаев.
Әкімнің айтуынша, округтегі жолдарды жөндеу жұмыстары басталып кетті. Sputnik Қазақстан тілшісі барған күннің ертеңінде жол мәселесі дереу қолға алынған.
"Бұл – облыстық маңызы бар жолдар. Жолдың мәселесі облыстық маслихат жиынында айтылған. Жалпы окургте 22 көпір бар. Сол көпірлерді бірінші жасап алу керек. Жол жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүргізіліп жатыр", - дейді Ерік Рахымбаев.