https://sputnik.kz/20230925/almaty-oblysynda-200-den-astam-oqushy-zhataqkhanada-oqyp-zhatyr-38759561.html
Алматы облысында 200-ден астам оқушы жатақханада оқып жатыр
Алматы облысында 200-ден астам оқушы жатақханада оқып жатыр
Sputnik Қазақстан
Сарыбұлақ ауылында ең алғашқы мектеп 1931 жылы бастауыш мектеп ретінде ашылған 25.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-25T15:18+0500
2023-09-25T15:18+0500
2023-09-25T15:18+0500
алматы облысы
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e7/09/19/38758563_0:1:1919:1080_1920x0_80_0_0_32231781a0066f040bf2105dc9f1562b.jpg
АЛМАТЫ, 25 қыркүйек - Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Сарыбұлақ ауылында 200-ден астам оқушы жатақханада оқып жатыр. Ауыл халқының базынасын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.Сарыбұлақ ауылы Алматыдан 120 шақырым жерде орналасқан. Бұл ауылда ең алғашқы мектеп 1931 жылы бастауыш мектеп ретінде ашылған. Содан бері сарыбұлақтық оқушылар спорт залы жоқ мектепте білім алып келе жатыр.Сарыбұлақ ауылының 2000-ға жуық тұрғыны бар. Бұл мектепке 200-ден астам оқушы барады.Қазір оқушылар бір ғасырлық көне мектеп пен жатақхана ғимаратында және Кеңес үкіметі құлағанда қаңырап қалған кеңсені паналап қотыр. Не акт залы, не спорт залы жоқ. Жатақхана ғимаратының салынғанына да 72 жыл болған."Мектеп суық. Қыс бойы балаларымыз ауырып шығады", - дейді ауыл тұрғындары.Мектепке арналған үш ғимаратты жылытатын қазандық орнатылған ғимараттың да жағдайы мүшкіл."Ғимараттар өте ескі, терезелері шіріп тұр. Жылыту қазандығы алыс орнатылған. Бірақ ғимарат әбден тозғандықтан жылуды ұстамайды", - дейді мектеп әкімшілігі.Мектепте қандай да бір шара не далада, не кеңдеу бір кабинетте өтеді. Жатақхана-мектептің шатыры да әбден тозған. Жауын жауса, оқушылардың төбесінен су сорғалайды. Төбедегі саз балшық езіліп түсіп, еденге құлап жатады.Абырой болғанда, мектеп түлектері ескі ғимараттың сыртқы кіреберіс есігін орнатып беріпті.Оқушылар ыстық тамақтан да қағылған. Өйткені жағдай жоқ. Ал электр желілері туралы айтудың өзі артық, тозығы жетіп шіріген."Бізге қашан мектеп салынатынын білмейміз. 2023 жылы жаңа мектеп салынады деп айтқан, бірақ сол күйі үнсіз қалды. Қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Білім беру бір күн де тоқтаған емес", - дейді Сарыбұлақ орта мектебінің директоры Мадина Асқарова.Мектептің проблемасы көтерілгенде, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мамандары дереу келіп, 226 мыңайыппұл салған.Десе де, мектебі жоқ ауылда биыл 16 түлектің 11-і грантты ұтып алған. Спорт залы жоқ сарыбұлақтық оқушылар түрлі спорт жарыстарынан алдарына жан салмай, жүлделі орындар алып келеді.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/19/38758563_479:0:1919:1080_1920x0_80_0_0_d42b407aef17eea67f78cfb99457a6a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, мектеп
Алматы облысында 200-ден астам оқушы жатақханада оқып жатыр
Сарыбұлақ ауылында ең алғашқы мектеп 1931 жылы бастауыш мектеп ретінде ашылған
АЛМАТЫ, 25 қыркүйек - Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Сарыбұлақ ауылында 200-ден астам оқушы жатақханада оқып жатыр. Ауыл халқының базынасын
Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Сарыбұлақ ауылы Алматыдан 120 шақырым жерде орналасқан. Бұл ауылда ең алғашқы мектеп 1931 жылы бастауыш мектеп ретінде ашылған. Содан бері сарыбұлақтық оқушылар спорт залы жоқ мектепте білім алып келе жатыр.
"Мектеп ғимараты болған емес. Қай жер бос қалады сол жерді мектеп етіп жасайды. Дене шынықтыру сабағын далада немесе кабинетте оқытады. Балаларымызға обал. Бір де бір рет мектеп ғимараты болмау деген сұмдық қой", - дейді ауыл тұрғыны Дәмеш Мақажанова.
Сарыбұлақ ауылының 2000-ға жуық тұрғыны бар. Бұл мектепке 200-ден астам оқушы барады.
Қазір оқушылар бір ғасырлық көне мектеп пен жатақхана ғимаратында және Кеңес үкіметі құлағанда қаңырап қалған кеңсені паналап қотыр. Не акт залы, не спорт залы жоқ. Жатақхана ғимаратының салынғанына да 72 жыл болған.
"Мектеп суық. Қыс бойы балаларымыз ауырып шығады", - дейді ауыл тұрғындары.
Мектепке арналған үш ғимаратты жылытатын қазандық орнатылған ғимараттың да жағдайы мүшкіл.
"Ғимараттар өте ескі, терезелері шіріп тұр. Жылыту қазандығы алыс орнатылған. Бірақ ғимарат әбден тозғандықтан жылуды ұстамайды", - дейді мектеп әкімшілігі.
Мектепте қандай да бір шара не далада, не кеңдеу бір кабинетте өтеді. Жатақхана-мектептің шатыры да әбден тозған. Жауын жауса, оқушылардың төбесінен су сорғалайды. Төбедегі саз балшық езіліп түсіп, еденге құлап жатады.
Абырой болғанда, мектеп түлектері ескі ғимараттың сыртқы кіреберіс есігін орнатып беріпті.
Оқушылар ыстық тамақтан да қағылған. Өйткені жағдай жоқ. Ал электр желілері туралы айтудың өзі артық, тозығы жетіп шіріген.
"Бізге қашан мектеп салынатынын білмейміз. 2023 жылы жаңа мектеп салынады деп айтқан, бірақ сол күйі үнсіз қалды. Қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Білім беру бір күн де тоқтаған емес", - дейді Сарыбұлақ орта мектебінің директоры Мадина Асқарова.
Мектептің проблемасы көтерілгенде, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мамандары дереу келіп, 226 мыңайыппұл салған.
Десе де, мектебі жоқ ауылда биыл 16 түлектің 11-і грантты ұтып алған. Спорт залы жоқ сарыбұлақтық оқушылар түрлі спорт жарыстарынан алдарына жан салмай, жүлделі орындар алып келеді.