Халық жуық арада жолдаудың нақты нәтижесін сезінуі керек – Олжас Бектенов

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіҚазақстан халқына жолдауын іске асыру барысына арналған кеңес
Қазақстан халқына жолдауын іске асыру барысына арналған кеңес  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2023
Жазылу
Ақордада мемлекет басшысының жолдауын іске асыру барысы талқыланды
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Президент әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру барысына арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Басқосуға президенттің көмекшілері мен кеңесшілері, үкімет басшылығы қатысты.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мемлекет басшысының жолдауда берген тапсырмаларын орындау үшін үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндама жасады.
Президент әкімшілігі басшысының айтуынша, жолдау ел экономикасын қайта құруға және экономикалық серпіліс жасауға бағытталған жүзден астам нақты тапсырманы қамтиды.
"Орталық және жергілікті атқарушы органдар президент тапсырмаларын орындау үшін барынша жедел әрі толыққанды шаралар қабылдауы қажет. Еліміздің азаматтары мен бизнес өкілдері жуық арада жолдаудың нақты нәтижесін сезінуі керек", – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Монета, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
Экономика
2028 жылға қарай жалпы ішкі өнім 475 млрд долларға дейін өседі
Жаңалықтар
0