https://sputnik.kz/20230927/beyzhinde-uqshu-bas-khatshysy-tasmagambetov-shyu-zhane-tmd-elderindegi-ariptesterimen-kezdesti-38832376.html
Бейжіңде ҰҚШҰ бас хатшысы Тасмағамбетов ШЫҰ және ТМД елдеріндегі әріптестерімен кездесті
Бейжіңде ҰҚШҰ бас хатшысы Тасмағамбетов ШЫҰ және ТМД елдеріндегі әріптестерімен кездесті
Sputnik Қазақстан
Аса маңызды еуразиялық интеграциялық бірлестіктер басшылығының өкілдері екінші жыл қатарынан үшжақты кездесу өткізді 27.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-27T20:52+0500
2023-09-27T20:52+0500
2023-09-27T20:52+0500
иманғали тасмағамбетов
ұқшұ
шыұ
тмд
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1b/38827719_0:48:800:498_1920x0_80_0_0_6434f140573211ae94de61c514b101d3.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек - Sputnik. Бейжіңде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы әріптестерімен кездесті, деп хабарлады ҰҚШҰ баспасөз қызметі.Чжан Минг пен Ильхом Нематовтың кездесуінде Иманғали Тасмағамбетов өзінің жауапкершілігі аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы жағдайға бағасын берді.ТМД хатшысының орынбасары Ильхом Нематовтың айтуынша, кездесу ұжымдық Батыстың деструктивті саясатының нәтижесінде батыс пен шығыс арасындағы қарама-қайшылық бүкіл әлем үшін айтарлықтай саяси, экономикалық және гуманитарлық қиындықтар туғызатын халықаралық шиеленістің өсуі аясында өтті."Бұл біздің ұйымдардың алдына қазіргі заманғы сын - тегеуріндерге қарсы тұру мақсатында күш-жігерді біріктіру, елдеріміздің алдында тұрған проблемаларды шешу бойынша бірлескен шараларды әзірлеу бойынша үлкен міндеттер қояды", - деп атап өтті ТМД атқару комитетінің баспасөз қызметі.ҰҚШҰ атап өткендей, кездесуде терроризм мен экстремизмге, есірткінің заңсыз айналымына, трансшекаралық қылмысқа қарсы күрес саласындағы практикалық өзара іс-қимылға, сондай-ақ үш ұйымның ақпараттық-болжамдық құрылымдары арасындағы неғұрлым белсенді өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды.Алдыңғы үшжақты кездесу өткен жылдың қараша айында ҰҚШҰ бастамасымен өткен болатын.
https://sputnik.kz/20230102/imangali-tasmagambetov-uqshu-bas-khatshysy-boldy-30807325.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1b/38827719_37:0:764:545_1920x0_80_0_0_2160a50c82debc3cf7a1adbf08e3c0a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иманғали тасмағамбетов, ұқшұ, шыұ, тмд
иманғали тасмағамбетов, ұқшұ, шыұ, тмд
Бейжіңде ҰҚШҰ бас хатшысы Тасмағамбетов ШЫҰ және ТМД елдеріндегі әріптестерімен кездесті
Аса маңызды еуразиялық интеграциялық бірлестіктер басшылығының өкілдері екінші жыл қатарынан үшжақты кездесу өткізді
АСТАНА, 27 қыркүйек - Sputnik. Бейжіңде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы әріптестерімен кездесті, деп хабарлады ҰҚШҰ баспасөз қызметі.
Чжан Минг пен Ильхом Нематовтың кездесуінде Иманғали Тасмағамбетов өзінің жауапкершілігі аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы жағдайға бағасын берді.
" Тараптар өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты, үш ұйым арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен оны дамыту перспективаларын талқылады", - деп атап өтті ШЫҰ баспасөз қызметі.
ТМД хатшысының орынбасары Ильхом Нематовтың айтуынша, кездесу ұжымдық Батыстың деструктивті саясатының нәтижесінде батыс пен шығыс арасындағы қарама-қайшылық бүкіл әлем үшін айтарлықтай саяси, экономикалық және гуманитарлық қиындықтар туғызатын халықаралық шиеленістің өсуі аясында өтті.
"Бұл біздің ұйымдардың алдына қазіргі заманғы сын - тегеуріндерге қарсы тұру мақсатында күш-жігерді біріктіру, елдеріміздің алдында тұрған проблемаларды шешу бойынша бірлескен шараларды әзірлеу бойынша үлкен міндеттер қояды", - деп атап өтті ТМД атқару комитетінің баспасөз қызметі.
ҰҚШҰ атап өткендей, кездесуде терроризм мен экстремизмге, есірткінің заңсыз айналымына, трансшекаралық қылмысқа қарсы күрес саласындағы практикалық өзара іс-қимылға, сондай-ақ үш ұйымның ақпараттық-болжамдық құрылымдары арасындағы неғұрлым белсенді өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды.
Алдыңғы үшжақты кездесу өткен жылдың қараша айында ҰҚШҰ бастамасымен өткен болатын.