Алматы тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін ұсталды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2023
Жазылу
Ол алдау және сенімге қиянат жасау арқылы аса ірі көлемде азаматтардың мүлкін иемденген
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Өзін шенеуніктердің көмекшісімін деп таныстырған Алматы тұрғыны бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 37 жастағы қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Ер адам өзін құқық қорғау органының қызметкері, жоғары лауазымды тұлғалардың көмекшісі деп таныстырып, түрлі мәселені шешуге өз қызметін ұсынған", - деп жазылған хабарламада.
Ол алдау және сенімге қиянат жасау арқылы аса ірі көлемде азаматтардың мүлкін иемденген. Бұл қаражатты мемлекеттік органдарда оң шешім шығу үшін беретінін айтқан.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Ол осыған ұқсас басқа да қылмыстар жасауы мүмкін.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2023
Украина қашып жүрген Қазақстан азаматын экстрадициялады
Жаңалықтар
0