Украина қашып жүрген Қазақстан азаматын экстрадициялады

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2023
Жазылу
Ол 2017 жылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін шартты мерзімге сотталған
АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда алаяқтық жасағаны үшін сотталып, шетелге қашып кеткен ер адам экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Украинаның әділет министрлігі Қазақстан сотының үкімін орындаудан жалтарған азаматты Қазақстанға қайтарды.
"Ұсталған азамат 2017 жылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін шартты мерзімге сотталған. 2019 жылы ол соттың өзіне жүктеген шектеулерін бұзып, жазасын өтеуден жалтарып, қашып кеткен. Оған іздеу жарияланды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қылмыскер тек 4 жыл өткен соң биыл тамыз айында Украина аумағында ұсталды. Оны жергілікті құқық қорғау органдары ұстады.
"Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы, Молдовадағы және Түркиядағы елшіліктерінің қолдауымен Қазақстан Бас прокуратурасы мен интерпол қызметкерлері оны біздің елге экстрадициялады", - дейді Бас прокуратура.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына отыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2023
"Оператор РОП-тың" бұрынғы басшысы экстрадицияланды
Жаңалықтар
0