"Росатом" АЭС үшін Қазақстанға ешкімде жоқ технологияларды ұсынды

© Photo : Пресс-служба государственной корпорации по атомной энергии "Росатом"Түркиядағы "Аккую" атом электр станциясының құрылысы
Түркиядағы Аккую атом электр станциясының құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
Жазылу
Қазақстанның энергетика министрлігінің мәліметінше, жүргізілген зерттеулерден кейін Алматыдан шамамен 400 шақырым жерде Балқаштың жағасында орналасқан Үлкен ауылының аумағы атом электр станциясын салуға ең қолайлы аймақ ретінде таңдалды
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. "Росатом" Қазақстанға атом электр станцияларын салу үшін әлі ешкімде жоқ ең заманауи технологияларын ұсынады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне "Росатом Центральная Азия" ("Росатомның" еншілес компаниясы) бас директоры Сергей Громов айтты.
"Әзірге ешқандай келісім болған жоқ. Қазақстан халқы мен үкіметінің шешімін күтіп отырмыз. Біз өз тарапымыздан бізден басқа ешкімде жоқ ең заманауи технологияларды ұсынамыз. 3+ АЭС технологиялары – бұл ең озық және ең қауіпсіз технологиялар", - деп түсіндірді Громов.
Бұл ретте ол "Росатом" өз тарапынан Қазақстанға ұсыныс жасап қойғанын мәлімдеді.
"Қазақстандық тараппен бірқатар келіссөз жүргізілді. Біз өз тарапымыздан станса бойынша алдын ала ұсыныс бердік. Әзірге диалог жалғасын тапқан жоқ. Себебі бұл жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданбаған", - деді Громов.
Сондай-ақ Сергей Громов энергетикаға арналған технологиялар тақырыбындағы арнайы сессияда сөйлеген сөзінде атом энергетикасы Қазақстан үшін жаңалық емес екенін айтты.
"Росатом" мемлекеттік корпорациясы Орталық Азия елдеріне ерекше көңіл бөледі. Қазақстанға келетін болсақ, бұл елмен бізді көп жылдық әріптестік пен достық қарым-қатынас байланыстырады. Қазақстан әлемдік атом энергетикасының бастауында болғаны баршамызға белгілі. Сондықтан, атом энергетикасы Қазақстан үшін жаңалық емес. АЭС-ті бірлесіп салу біздің алдағы онжылдықтардағы стратегиялық ынтымақтастығымыздың локомотиві болуы мүмкін", - деді Громов сессияда сөйлеген сөзінде.
Еске салсақ, Қазақстанда Балқаш көлінде АЭС салу мәселесі талқыланып жатыр. Бұл мәселе референдумға шығарылады. Ал референдум өтетін күн әлі жарияланған жоқ.
Референдум по поправкам в Конституцию в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
АЭС құрылысы: ОСК республикалық референдум өткізуге дайын
Жаңалықтар
0