АЭС құрылысы: ОСК республикалық референдум өткізуге дайын

© Sputnik / Владислав ВодневРеферендум по поправкам в Конституцию в Казахстане
Референдум по поправкам в Конституцию в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
Жазылу
Тоқаев АЭС салу мәселесін жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынды
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы атом электр станциясының құрылысы бойынша референдум өткізуге дайын. Бұл туралы комиссия мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Референдум өтетін уақыт әлі белгісіз. Алайда Орталық сайлау комиссиясы оған дайын отыр.
"Қазіргі кезде барлық дайындық шаралары, соның ішінде сайлаушылардың тізімін әзірлеу, сондай-ақ аймақтық сайлау комиссиялары өткізетін жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр. Біз дайынбыз", - деді ОСК мүшесі парламент отырысының күлуарында.
Оның айтуынша, референдумды биыл өткізуге шешім қабылданса, Орталық сайлау комиссия оны ұйымдастыруға үлгереді.
"Біз дайынбыз, әрине, үлгереміз", - деп атап көрсетті Өтемісов.
Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу мәселесін жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынды. Мемлекет басшысы "нақты мерзімі кейін анықталатынын" мәлімдеді.
Атом электр станциясы құрылысы үшін Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы ең қолайлы жер ретінде таңдалды. Осы саладағы әлемдік тәжірибе де зерделенді. Соның негізінде ядролық технологияларды жеткізе алатын компаниялардың тізімі жасалды. Олар:
HPR-1000 қытайлық CNNC компаниясы;
APR-1400 реакторы бар корей KHNP компаниясы;
ВВЭР-1200 және ВВЭР-1000 реакторлары бар Ресей Росатом компаниясы;
EPR-1200 реакторы бар француз EDF компаниясы.
Атомная электростанция - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
АЭС бойынша референдумға жұмсалатын шығын 16 млрд теңгеден аспайды – министр
Жаңалықтар
0