https://sputnik.kz/20230926/qazaqstanda-tranzittik-avia-zhuk-tasymaly-qayta-zhandanuy-mumkin--atameken-38801260.html
Қазақстанда транзиттік авиа жүк тасымалы қайта жандануы мүмкін – "Атамекен"
Қазақстанда транзиттік авиа жүк тасымалы қайта жандануы мүмкін – "Атамекен"
Sputnik Қазақстан
Соңғы бес жылда әуе көлігімен транзиттік жүк тасымалы құжаттарды рәсімдеуде болған қиындықтарға байланысты тоқтатылған болатын 26.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-26T20:45+0500
2023-09-26T20:45+0500
2023-09-26T20:45+0500
атамекен
"атамекен" ұкп
әуе қатынасы
әуе тасымалдары
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38048015_0:347:3024:2048_1920x0_80_0_0_664240830438d58c720e856d81d75b9b.jpg
АЛМАТЫ, 26 қыркүйек - Sputnik. 1 қазаннан бастап ұлттық авиатасымалдаушы транзиттік жүк тасымалын қайта бастауы мүмкін, деп хабарлады "Атамекен" ұлттық палатасының баспасөз қызметі.Хабарламада соңғы бес жылда транзиттік декларацияны толтыру кезінде тауарлардың құнын, валютасын және сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодын көрсету қажеттілігіне байланысты мұндай тасымалдар тоқтатылғаны айтылған."Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтің айтуынша, халықаралық жүк тасымалы және осыған байланысты барлық рәсімдер IATA, ICAO құжаттарымен реттеледі. Олар сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы құны, валютасы және коды туралы қажетті мәліметтерді қажет етпейді деп мәлімдеді."Біз барлық кедендік рәсімдерді жеңілдету үшін барынша күш салдық және қазақстандық авиакомпаниялар үшін осы талаптарды алып тастау туралы Еуразиялық экономикалық кеңес алқасының келісіміне қол жеткіздік", - деді Жаркенов.Тимур Жаркенов жүктерді Оңтүстік-Шығыс Азиядан Еуропаға Қазақстан арқылы тасымалдауға мүмкіндігі бар екенін, бұл авиация саласының экономикалық өсуіне серпін беретінін атап өтті.Хабарламада сондай-ақ қазіргі уақытта Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Еуропаға транзиттік тасымалдар негізінен Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан арқылы өтетіні айтылған. Бірақ ЕАЭО елдері арқылы авиа жүк тасымалы жүзеге асырылмайды.
https://sputnik.kz/20230926/qazaqstanda-zhana-munay-zhane-gaz-ken-oryndary-igeriledi--energetika-ministrligi-38797941.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38048015_276:0:3007:2048_1920x0_80_0_0_d5230694870c4449cd2263f475651b4d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атамекен, "атамекен" ұкп, әуе қатынасы, әуе тасымалдары
атамекен, "атамекен" ұкп, әуе қатынасы, әуе тасымалдары
Қазақстанда транзиттік авиа жүк тасымалы қайта жандануы мүмкін – "Атамекен"
Соңғы бес жылда әуе көлігімен транзиттік жүк тасымалы құжаттарды рәсімдеуде болған қиындықтарға байланысты тоқтатылған болатын
АЛМАТЫ, 26 қыркүйек - Sputnik. 1 қазаннан бастап ұлттық авиатасымалдаушы транзиттік жүк тасымалын қайта бастауы мүмкін, деп хабарлады "Атамекен" ұлттық палатасының баспасөз қызметі.
Хабарламада соңғы бес жылда транзиттік декларацияны толтыру кезінде тауарлардың құнын, валютасын және сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодын көрсету қажеттілігіне байланысты мұндай тасымалдар тоқтатылғаны айтылған.
"Дәл осы мәліметтерді" транзит арқылы" ұсыну үлкен кедергі келтірген еді, өйткені ілеспе құжаттары болмады", - делінген хабарламада.
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтің айтуынша, халықаралық жүк тасымалы және осыған байланысты барлық рәсімдер IATA, ICAO құжаттарымен реттеледі. Олар сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы құны, валютасы және коды туралы қажетті мәліметтерді қажет етпейді деп мәлімдеді.
"Біз барлық кедендік рәсімдерді жеңілдету үшін барынша күш салдық және қазақстандық авиакомпаниялар үшін осы талаптарды алып тастау туралы Еуразиялық экономикалық кеңес алқасының келісіміне қол жеткіздік", - деді Жаркенов.
Тимур Жаркенов жүктерді Оңтүстік-Шығыс Азиядан Еуропаға Қазақстан арқылы тасымалдауға мүмкіндігі бар екенін, бұл авиация саласының экономикалық өсуіне серпін беретінін атап өтті.
Хабарламада сондай-ақ қазіргі уақытта Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Еуропаға транзиттік тасымалдар негізінен Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан арқылы өтетіні айтылған. Бірақ ЕАЭО елдері арқылы авиа жүк тасымалы жүзеге асырылмайды.