https://sputnik.kz/20230926/qazaqstanda-zhana-munay-zhane-gaz-ken-oryndary-igeriledi--energetika-ministrligi-38797941.html
Қазақстанда жаңа мұнай және газ кен орындары игеріледі – энергетика министрлігі
Қазақстанда жаңа мұнай және газ кен орындары игеріледі – энергетика министрлігі
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда мұнай қоры шамамен 15,5 млрд тонна, газ қоры — 3,7 трлн текше метрді, шартты отынның ресурстық әлеуеті – шамамен 76 млрд тоннаны құрайды 26.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-26T19:13+0500
2023-09-26T19:13+0500
2023-09-26T19:13+0500
иннопром
мұнай
мұнай кен орыны
газ өңдеу зауыты
қр энергетика министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25658538_0:20:1732:994_1920x0_80_0_0_eed96e9bebf302821cbfce76bbde209b.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек - Sputnik. Қазақстан ресурстық базаны ұлғайту және жаңа мұнай мен газ кен орындарын игеру үшін маңызды міндеттерді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов.Ақкенженовтың айтуынша, бір жыл ішінде Қазақстан Ресеймен стратегиялық әріптестік аясында мұнай және газ салаларындағы бірқатар маңызды құжатқа қол қойды."Келешекте біздің еліміз көмірсутектердің қосымша көлемін тасымалдау үшін Капсий құбыр конорциумының тар жерлерін жою жобасын табысты түрде іске асырады деп үміттенеміз. Жақын арада жүзеге асырылып жатқан жоба еліміз бен Ресей арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың негізі болмақ", - деп атап өтті вице-министр.Ол биыл 16 маусымда Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының алаңында Ресей мұнайын Қытайға транзиттеу туралы келісім хаттамаға қол қойылғанын еске салды."Келісім шарттарының арқасында ресейлік компаниялар жеткізу бағыттарын әртараптандыра алады, ал Қазақстан тауар алмасу операциялары арқылы отандық мұнай өңдеу зауыттарымызды жүктеуге мүмкіндік алады", - деді ол.Сондай-ақ вице-министр Қазақстан бірқатар жобаларды жүзеге асыруда Ресеймен ынтымақтастықты жалғастырып жатқанын айтты."Атырау облысында Татарстан Республикасымен бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл – бутадиен жобасы. Оның өндірістік қуаты шамамен 380 мың тоннаны құрайды. Құны айтарлықтай көп, шамамен 900 миллион доллар инвестиция. Бұл жобаны 2026 жылы іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл құрылыс үшін өте қысқа мерзім, бірақ серіктестеріміздің тәжірибесінің арқасында бұл жоба сәтті жүзеге асатынына сенімдіміз", - деді Ақкенженов.Еске сала кетейік, Астанада "Иннопром. Қазақстан" көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге 20-ға жуық ел қатысып, 300-ден астам экспозиция ұсынылуда.
https://sputnik.kz/20230925/atyrau-munay-ondeu-zauyty-bir-ayga-zhondeuge-zhabylady--benzin-bagasy-ozgere-me-38763617.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25658538_195:0:1732:1153_1920x0_80_0_0_d32a3da97993ea35ea470ee573b9e825.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иннопром, мұнай, мұнай кен орыны, газ өңдеу зауыты, қр энергетика министрлігі
иннопром, мұнай, мұнай кен орыны, газ өңдеу зауыты, қр энергетика министрлігі
Қазақстанда жаңа мұнай және газ кен орындары игеріледі – энергетика министрлігі
Қазақстанда мұнай қоры шамамен 15,5 млрд тонна, газ қоры — 3,7 трлн текше метрді, шартты отынның ресурстық әлеуеті – шамамен 76 млрд тоннаны құрайды
АСТАНА, 26 қыркүйек - Sputnik. Қазақстан ресурстық базаны ұлғайту және жаңа мұнай мен газ кен орындарын игеру үшін маңызды міндеттерді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов.
"Мұнай бойынша біздің расталған қорларымыз шамамен 15,5 млрд тонна, газ 3,7 трлн текше метрді, сондай-ақ шартты отынның ресурстық әлеуеті шамамен 76 млрд тоннаны құрайды. Ол үшін жер қойнауын пайдалану саласында реформалар жүргізілді. Біз реттеуші және салықтық преференциялардың ауқымды пакетін көздейтін жақсартылған келісімшарт моделін енгіздік", - деді Ақкенженов Иннопром өнеркәсіптік көрмесі шеңберінде арнайы сессияда сөйлеген сөзінде.
Ақкенженовтың айтуынша, бір жыл ішінде Қазақстан Ресеймен стратегиялық әріптестік аясында мұнай және газ салаларындағы бірқатар маңызды құжатқа қол қойды.
"Келешекте біздің еліміз көмірсутектердің қосымша көлемін тасымалдау үшін Капсий құбыр конорциумының тар жерлерін жою жобасын табысты түрде іске асырады деп үміттенеміз. Жақын арада жүзеге асырылып жатқан жоба еліміз бен Ресей арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың негізі болмақ", - деп атап өтті вице-министр.
Ол биыл 16 маусымда Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының алаңында Ресей мұнайын Қытайға транзиттеу туралы келісім хаттамаға қол қойылғанын еске салды.
"Келісім шарттарының арқасында ресейлік компаниялар жеткізу бағыттарын әртараптандыра алады, ал Қазақстан тауар алмасу операциялары арқылы отандық мұнай өңдеу зауыттарымызды жүктеуге мүмкіндік алады", - деді ол.
Сондай-ақ вице-министр Қазақстан бірқатар жобаларды жүзеге асыруда Ресеймен ынтымақтастықты жалғастырып жатқанын айтты.
"Атырау облысында Татарстан Республикасымен бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл – бутадиен жобасы. Оның өндірістік қуаты шамамен 380 мың тоннаны құрайды. Құны айтарлықтай көп, шамамен 900 миллион доллар инвестиция. Бұл жобаны 2026 жылы іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл құрылыс үшін өте қысқа мерзім, бірақ серіктестеріміздің тәжірибесінің арқасында бұл жоба сәтті жүзеге асатынына сенімдіміз", - деді Ақкенженов.
Еске сала кетейік, Астанада "Иннопром. Қазақстан" көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге 20-ға жуық ел қатысып, 300-ден астам экспозиция ұсынылуда.