https://sputnik.kz/20230926/iim-qaldyqtardy-ruqsatsyz-togetinderdin-koligin-tarkileui-mumkin-38791305.html
ІІМ қалдықтарды рұқсатсыз төгетіндердің көлігін тәркілеуі мүмкін
ІІМ қалдықтарды рұқсатсыз төгетіндердің көлігін тәркілеуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Биыл мамыр айынан бері 5 578 қоқыс орны анықталып, оның 50% ғана жойылған 26.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-26T12:26+0500
2023-09-26T12:26+0500
2023-09-26T12:26+0500
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1a/35330736_0:78:1352:839_1920x0_80_0_0_6836ad90f63c058b504fd30c65ab3516.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігіне қалдықтарды заңсыз қоқыс үйінділеріне төге беретін тұлғалардың көлігін тәркілеу құзыреті берілуі мүмкін. Экология және табиғи ресурстар министрлігі заңсыз қоқыс үйінділерімен күресу үшін осындай ұсынысты пысықтап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев заңсыз қоқыс үйінділерін жою бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.Министрліктің баспасөз қызметі атап өткендей, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 344-бабы аясында жауапкершілікке тарту бойынша ішкі істер органдары құзыретін кеңейту бөлігіне түзетулер енгізу мәселесін қарастыру ұсынылады.Ведомство бүгінде рейд шаралары оң әсерін көрсетпегенін атап өтті. Себебі ішкі істер органдары абаттандыру қағидаларын бұзатындарды ӘҚБК 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартады. Бұл ретте жеке тұлғаларға 20 АЕК (69 мың теңге), қайталап жасалса 30 АЕК (103 мың теңге) айыппұл көзделген.Ал қалдықтарды рұқсатсыз көбейтумен байланысты жеке жауапкершілік қарастырылмаған. Оның үстіне бұл баптағы айыппұл мөлшері аз әрі құқықбұзушылардың санасын өзгертуге әсер етпейді, дейді министрліктегілер.Министрдің ақпаратынша, биыл мамыр айынан бері 5 578 қоқыс орны анықталып, оның 50% (2794 нысаны) ғана жойылды. Сондай-ақ, жою бойынша жұмыс деңгейі Абай және Маңғыстау облыстарында – 16%, Ұлытау облысында – 20%, Астана қаласында – 30% төмен.
https://sputnik.kz/20230822/astanada-zansyz-uyilgen-188-qoqys-orny-anyqtaldy-37874650.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1a/35330736_66:0:1287:916_1920x0_80_0_0_bb8e33e6681d3464601399c389738f22.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі
ІІМ қалдықтарды рұқсатсыз төгетіндердің көлігін тәркілеуі мүмкін
Биыл мамыр айынан бері 5 578 қоқыс орны анықталып, оның 50% ғана жойылған
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігіне қалдықтарды заңсыз қоқыс үйінділеріне төге беретін тұлғалардың көлігін тәркілеу құзыреті берілуі мүмкін. Экология және табиғи ресурстар министрлігі заңсыз қоқыс үйінділерімен күресу үшін осындай ұсынысты пысықтап жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев заңсыз қоқыс үйінділерін жою бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
"Ішкі істер министрлігіне қалдықтарды рұқсатсыз төгу бойынша қайталап жасаған заңбұзушылықтар үшін көліктерді тәркілеу құзыретін беру жұмысы жүргізілуде", - деді Нысанбаев үкімет отырысында.
Министрліктің баспасөз қызметі атап өткендей, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 344-бабы аясында жауапкершілікке тарту бойынша ішкі істер органдары құзыретін кеңейту бөлігіне түзетулер енгізу мәселесін қарастыру ұсынылады.
Ведомство бүгінде рейд шаралары оң әсерін көрсетпегенін атап өтті. Себебі ішкі істер органдары абаттандыру қағидаларын бұзатындарды ӘҚБК 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартады. Бұл ретте жеке тұлғаларға 20 АЕК (69 мың теңге), қайталап жасалса 30 АЕК (103 мың теңге) айыппұл көзделген.
Ал қалдықтарды рұқсатсыз көбейтумен байланысты жеке жауапкершілік қарастырылмаған. Оның үстіне бұл баптағы айыппұл мөлшері аз әрі құқықбұзушылардың санасын өзгертуге әсер етпейді, дейді министрліктегілер.
Министрдің ақпаратынша, биыл мамыр айынан бері 5 578 қоқыс орны анықталып, оның 50% (2794 нысаны) ғана жойылды. Сондай-ақ, жою бойынша жұмыс деңгейі Абай және Маңғыстау облыстарында – 16%, Ұлытау облысында – 20%, Астана қаласында – 30% төмен.