https://sputnik.kz/20230822/astanada-zansyz-uyilgen-188-qoqys-orny-anyqtaldy-37874650.html
Астанада заңсыз үйілген 188 қоқыс орны анықталды
Астанада заңсыз үйілген 188 қоқыс орны анықталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Астанада жыл басынан бері рұқсат етілмеген 188 қоқыс орны анықталды. Олардың басым бөлігі жойылды, қалғандарын жою жұмысы... 22.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-22T20:03+0500
2023-08-22T20:03+0500
2023-08-22T20:03+0500
елорда тынысы
қоқыс
астана
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0c/36745210_0:1:1279:720_1920x0_80_0_0_c3ae1d69883880cb6e78d4d4c358dcbb.jpg
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Астанада жыл басынан бері рұқсат етілмеген 188 қоқыс орны анықталды. Олардың басым бөлігі жойылды, қалғандарын жою жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Есіл ауданында ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша қоқыс тасталған 72 орын табылды. Қазіргі уақытта олардың 20-сы пысықталды, қалғандары бойынша жұмыстар аяқталу сатысында.Құрылыс компаниялары 6 мың тоннадан астам қоқыс шығарған."Биыл экологиялық айлықты және коммуналдық сенбіліктерді ескере отырып, барлығы 24 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Нұра ауданы бойынша жалпы көлемі 30 мың тоннадан асатын қоқысы бар рұқсат етілмеген 45 орын анықталды. Оның 13-і жойылды. 10 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды. Рұқсат етілмеген полигондарды әкетуге 4 құрылыс компаниясы жұмылдырылған", - делінген хабарламада.Ал жыл басынан бері Алматы ауданынан 9 350 тоннадан астам қоқыс шығарылды. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ғарыштық суреттеріне сәйкес 39 заңсыз қоқыс алаңы анықталды. Оның 38-і пысықталды.Сарыарқа ауданында табылған 24 орынның 20-сында заңсыз қоқыс орны жойылып, 15 мың тонна қоқыс шығарылды.Байқоңыр ауданында 22 орын анықталды, оның сегізі расталды. Олардың барлығы жойылды.Әкімдіктің ақпаратынша, құрылыс қоқыстарын заңсыз шығару фактілерін болдырмау үшін экологиялық полиция жұмылдырылады. Осы жылдың басынан бері абаттандыру және санитария нормаларын бұзу туралы 605 хаттама жасалды, 5,5 млн теңге айыппұл салынды.Заңсыз полигондарды жою жұмысы жалғасып жатыр. Сондай-ақ жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда, деп атап өтті қала әкімдігі.
https://sputnik.kz/20230801/koringen-zherge-qoqys-tastagan-130-dan-astam-qurylys-kompaniyasyna-ayyppul-salyndy-37190086.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0c/36745210_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_00177f3b2dba65a865057bce85f26839.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қоқыс, астана
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Астанада жыл басынан бері рұқсат етілмеген 188 қоқыс орны анықталды. Олардың басым бөлігі жойылды, қалғандарын жою жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Есіл ауданында ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша қоқыс тасталған 72 орын табылды. Қазіргі уақытта олардың 20-сы пысықталды, қалғандары бойынша жұмыстар аяқталу сатысында.
Құрылыс компаниялары 6 мың тоннадан астам қоқыс шығарған.
"Биыл экологиялық айлықты және коммуналдық сенбіліктерді ескере отырып, барлығы 24 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Нұра ауданы бойынша жалпы көлемі 30 мың тоннадан асатын қоқысы бар рұқсат етілмеген 45 орын анықталды. Оның 13-і жойылды. 10 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды. Рұқсат етілмеген полигондарды әкетуге 4 құрылыс компаниясы жұмылдырылған", - делінген хабарламада.
Ал жыл басынан бері Алматы ауданынан 9 350 тоннадан астам қоқыс шығарылды. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ғарыштық суреттеріне сәйкес 39 заңсыз қоқыс алаңы анықталды. Оның 38-і пысықталды.
Сарыарқа ауданында табылған 24 орынның 20-сында заңсыз қоқыс орны жойылып, 15 мың тонна қоқыс шығарылды.
Байқоңыр ауданында 22 орын анықталды, оның сегізі расталды. Олардың барлығы жойылды.
Әкімдіктің ақпаратынша, құрылыс қоқыстарын заңсыз шығару фактілерін болдырмау үшін экологиялық полиция жұмылдырылады. Осы жылдың басынан бері абаттандыру және санитария нормаларын бұзу туралы 605 хаттама жасалды, 5,5 млн теңге айыппұл салынды.
Заңсыз полигондарды жою жұмысы жалғасып жатыр. Сондай-ақ жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда, деп атап өтті қала әкімдігі.