https://sputnik.kz/20230801/koringen-zherge-qoqys-tastagan-130-dan-astam-qurylys-kompaniyasyna-ayyppul-salyndy-37190086.html
Көрінген жерге қоқыс тастаған 130-дан астам құрылыс компаниясына айыппұл салынды
Көрінген жерге қоқыс тастаған 130-дан астам құрылыс компаниясына айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Елордада абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 130-дан астам құрылыс компаниясына айыппұл салынды, деп хабарлады Polisia.kz. 01.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-01T08:23+0500
2023-08-01T08:23+0500
2023-08-01T08:23+0500
қоқыс
астана
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e7/08/01/37188612_0:122:1063:720_1920x0_80_0_0_66ace51406043941711c2b04f3771b39.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Елордада абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 130-дан астам құрылыс компаниясына айыппұл салынды, деп хабарлады Polisia.kz.Жеті ай ішінде 1 721 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 134 құрылыс компаниясы мен 89 қызмет көрсететін ұйым бар. Айыппұлдардың жалпы сомасы 19 млн теңгеден асады.Рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары қала аумағына құрылыс қоқыстарын тастаған 39 жастағы КамАЗ жүргізушісін анықтады. Ер адамға 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.Айта кетері, Астанада жүк көліктеріне арналған коммуналдық тұрақ ашылды. Бүгінгі таңда онда әртүрлі құқық бұзушылықтары бар 12 жүк көлігі қойылған.
https://sputnik.kz/20230717/kommunaldyq-zhane-onerkasiptik-qaldyqtardy-qayta-ondeu-kolemi-artady-36848718.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/01/37188612_78:0:1038:720_1920x0_80_0_0_0ee941d7f1793dd45f3cc395d6b4bd46.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қоқыс, астана, құрылыс
Көрінген жерге қоқыс тастаған 130-дан астам құрылыс компаниясына айыппұл салынды
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Елордада абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 130-дан астам құрылыс компаниясына айыппұл салынды, деп хабарлады
Polisia.kz. Жеті ай ішінде 1 721 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 134 құрылыс компаниясы мен 89 қызмет көрсететін ұйым бар. Айыппұлдардың жалпы сомасы 19 млн теңгеден асады.
"Бұдан басқа белгіленбеген жерлерге қоқысты тастап кететін адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері 240 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 6 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сондай-ақ 33 жүргізуші топырақ, қоқыс, сусымалы құрылыс және басқа да материалдарды жабынсыз тасымалдағаны үшін жауапқа тартылды", – деді полицияда.
Рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары қала аумағына құрылыс қоқыстарын тастаған 39 жастағы КамАЗ жүргізушісін анықтады. Ер адамға 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Айта кетері, Астанада жүк көліктеріне арналған коммуналдық тұрақ ашылды. Бүгінгі таңда онда әртүрлі құқық бұзушылықтары бар 12 жүк көлігі қойылған.