https://sputnik.kz/20230717/kommunaldyq-zhane-onerkasiptik-qaldyqtardy-qayta-ondeu-kolemi-artady-36848718.html
Коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу көлемі артады
Коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу көлемі артады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Өткен 10 жыл ішінде экономиканың энергия сыйымдылығы 2008 жылғы деңгейден 36,7%-ға қысқартылып, жаңартылатын энергия көздерінің... 17.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-17T21:49+0500
2023-07-17T21:49+0500
2023-07-17T21:49+0500
қоқыс
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1b/28808703_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_56d171f45bd442a794254183cfc9272a.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Өткен 10 жыл ішінде экономиканың энергия сыйымдылығы 2008 жылғы деңгейден 36,7%-ға қысқартылып, жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 4,5%-ға дейін жеткізілді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі."2060 жылға дейінгі стратегияны қабылдағаннан кейін 2030 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату көрсеткішін 40%-ға, ал ұзақ мерзімді перспективада – 2050 жылға қарай 60%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр", - деді экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңестің отырысында.Министрдің айтуынша, ауылдық жерлерде орталықтандырылған жүйені ұйымдастыру арқылы 2040 жылға қарай халық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату қызметтерімен 100%-ға қамтылуға тиіс.Бұл ретте кәсіпорындарға ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуді ынталандыру арқылы 2050 жылға қарай өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 60%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарын қалпына келтіру және жаңадан салу бойынша жұмыстар жүргізіледі.ЖЭО-ны жаңғырту және газ отынына көшу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін қорғау, сондай-ақ орман алқабын кеңейту есебінен атмосфераға шығарылатын ластаушы заттарды азайту көзделіп отыр.Ауыл шаруашылығы, энергетика және су ресурстарын басқару салаларында да экологияға қолайлы шараларды іске асыру жоспарланған.Бүгінгі таңда республикада жиынтық қуаты 2525 МВт болатын 132 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Жаңа нысандарды іске қосу жоспарлы мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Жалпы, 2027 жылға қарай тағы 6720 МВт жаңартылатын генерацияны енгізу жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20230420/atyrau-deputat-shugyl-shara-34151928.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1b/28808703_107:0:1814:1280_1920x0_80_0_0_2bf11bf24c47a53701c4863a865f5349.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қоқыс
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Өткен 10 жыл ішінде экономиканың энергия сыйымдылығы 2008 жылғы деңгейден 36,7%-ға қысқартылып, жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 4,5%-ға дейін жеткізілді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"2060 жылға дейінгі стратегияны қабылдағаннан кейін 2030 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату көрсеткішін 40%-ға, ал ұзақ мерзімді перспективада – 2050 жылға қарай 60%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр", - деді экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңестің отырысында.
Министрдің айтуынша, ауылдық жерлерде орталықтандырылған жүйені ұйымдастыру арқылы 2040 жылға қарай халық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату қызметтерімен 100%-ға қамтылуға тиіс.
Бұл ретте кәсіпорындарға ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуді ынталандыру арқылы 2050 жылға қарай өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 60%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарын қалпына келтіру және жаңадан салу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
ЖЭО-ны жаңғырту және газ отынына көшу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін қорғау, сондай-ақ орман алқабын кеңейту есебінен атмосфераға шығарылатын ластаушы заттарды азайту көзделіп отыр.
Ауыл шаруашылығы, энергетика және су ресурстарын басқару салаларында да экологияға қолайлы шараларды іске асыру жоспарланған.
Бүгінгі таңда республикада жиынтық қуаты 2525 МВт болатын 132 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Жаңа нысандарды іске қосу жоспарлы мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Жалпы, 2027 жылға қарай тағы 6720 МВт жаңартылатын генерацияны енгізу жоспарланып отыр.