https://sputnik.kz/20230420/atyrau-deputat-shugyl-shara-34151928.html
"Атырау халқы бір күнде ұйқыдан оянбай қалуы мүмкін": депутат шұғыл шара қабылдауды сұрады
"Атырау халқы бір күнде ұйқыдан оянбай қалуы мүмкін": депутат шұғыл шара қабылдауды сұрады
Sputnik Қазақстан
"Атырау халқы бір күнде ұйқыдан оянбай қалуы мүмкін": депутат шұғыл шара қабылдауды сұрады
2023-04-20T15:46+0500
2023-04-20T15:46+0500
2023-04-20T15:46+0500
қоғам
атырау
депутат
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0d/33895431_0:54:3450:1995_1920x0_80_0_0_10071637354f43868fced47fb5835df8.jpg
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов үкіметке Атырау облысын экологиялық дағдарыс аймағы деп танып, жеңілдіктер мен өтемақы төлеу жүйесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында Атырау қаласының экологиясын қозғады.Мәжілісмен "30 жыл ішінде Атыраудың тек донор аймақ ретінде қаралып, облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуына мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінбеуі – Атырау халқына жасалған әділетсіздік" деп есептейді."Бүкіл елді мұнайымен асырап, тұтас елдің кем-кетігін жамап отырған Атыраудың халқы бір күнде ұйқыдан оянбай қалуы мүмкін. Сондықтан да атыраулықтардың экологияға қатысты талаптары орынды, сұраулары заңды", - деп санайды халық қалаулысы.Осы орайда Жұбанов Атыраудың экологиясын жақсартуды үкімет деңгейінде шешу үшін бірнеше ұсыныс жолдады.Біріншісі – үкімет жауапты министрліктермен бірлесіп, Атырау облысын экологиялық дағдарыс аймағы деп танып, экологиялық коэффициент, жеңілдіктер мен өтемақылар төлеу жүйесін енгізуі қажет.Екіншіден, депутаттың айтуынша, Атырау қаласы атмосферасының өндірістік объектілермен, әсіресе Атырау мұнай өңдеу зауытымен ластануы қауіпті деңгейге жеткен. Осыған байланысты ҚазМұнайГаз компаниясына Атырау МӨЗ-де технологиялық аудит жүргізіп, зауытта толықтай экологиялық жаңғырту жұмыстарын аяқтау, қоршаған ортаға теріс әсерді жоюды міндеттеу қажет."Немесе зауытты қаладан көшіру мәселесі қарастырылсын", - деп ұсынды Жұбанов.Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауытының өнеркәсіп объектілерінен 1 000 метрге жетпейтін қашықтықта тұрғын үйлер орналасқан. "ГеоПортал" ақпараттық жүйесіне сәйкес, бүгінде зауыттың санитарлық қорғау аймағында 40-тан астам үй қалып отыр. Бұл үйлердің елері зауыттың иісінен уланып, денсаулығына зиян келгенін алға тартып, наразылық акцияларын ұйымдастыруда."Осыған байланысты ҚазМұнайГаз зауыттың санитарлық-қорғау аймағының шекарасын қайта белгілеу және аталған тұрғын үйлерді көшіру мәселесін шұғыл шешуі қажет", - деп мәлімдеді депутат.Үшіншісі – Атырау облысы бойынша І санатты кәсіпорындардың атмосфераға шығарындыларының шекті көрсетілген көлемін қайта қарап, екі есе төмендету керек. Қазба байлықты игеріп жатқан компанияларды жаңа технологияларды енгізуге ынталандыратын заң нормалары қабылдануға тиіс.Төртіншісі – Атырау облысындағы экологиялық ахуалды жақсарту бағытында бірқатар қоршаған ортаны қорғау жобасын жүзеге асыру қажет. Олар: Атырау қаласында кәріздік суларды тазарту қондырғыларын салу және қайта жаңғырту, қатты тұрмыстық қалдық полигондарын және қоқысты қайта өңдеу кешендерін салу жобалары."Жоғарыда аталған ұсыныстар негізінде үкімет деңгейінде мемлекеттік комиссия құру, үкіметке облыстағы экологиялық ахуалды толыққанды шешу жолдарын ұсынып, кешенді жоспар қабылдауды сұраймын. 30 жыл елді асырап келе жатқан Атыраудың мұнайы ғана емес, адамы да қымбат екенін естен шығармай, шұғыл шаралар қабылдауға шақырамын", - деді мәжіліске Атырау облысынан сайланған депутат.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0d/33895431_360:0:3091:2048_1920x0_80_0_0_2b9d6d77b96ee7ba7fd16055586fbfd0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау депутат экология ауа атмосфера ластану
атырау депутат экология ауа атмосфера ластану
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов үкіметке Атырау облысын экологиялық дағдарыс аймағы деп танып, жеңілдіктер мен өтемақы төлеу жүйесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында Атырау қаласының экологиясын қозғады.
"Облыстағы экологиялық ахуал – республикалық деңгейдегі проблемаға айналғанымен халықтың жан-айқайын еститін министрлік те, үкімет те жоқ. Жыл сайын өңірде онкологиялық аурулар белең алып, мүмкіндігі шектеулі, туабітті науқас балалар саны артып отыр. Ашынған атыраулықтар бейбіт митингке шығып, облыстағы жер қойнауын пайдаланушылар мен үкіметке нақты талаптарын қойды. Түптеп келгенде, Атырау халқы таза ауаға зәру", - дейді Жұбанов.
Мәжілісмен "30 жыл ішінде Атыраудың тек донор аймақ ретінде қаралып, облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуына мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінбеуі – Атырау халқына жасалған әділетсіздік" деп есептейді.
"Бүкіл елді мұнайымен асырап, тұтас елдің кем-кетігін жамап отырған Атыраудың халқы бір күнде ұйқыдан оянбай қалуы мүмкін. Сондықтан да атыраулықтардың экологияға қатысты талаптары орынды, сұраулары заңды", - деп санайды халық қалаулысы.
Осы орайда Жұбанов Атыраудың экологиясын жақсартуды үкімет деңгейінде шешу үшін бірнеше ұсыныс жолдады.
Біріншісі – үкімет жауапты министрліктермен бірлесіп, Атырау облысын экологиялық дағдарыс аймағы деп танып, экологиялық коэффициент, жеңілдіктер мен өтемақылар төлеу жүйесін енгізуі қажет.
Екіншіден, депутаттың айтуынша, Атырау қаласы атмосферасының өндірістік объектілермен, әсіресе Атырау мұнай өңдеу зауытымен ластануы қауіпті деңгейге жеткен. Осыған байланысты ҚазМұнайГаз компаниясына Атырау МӨЗ-де технологиялық аудит жүргізіп, зауытта толықтай экологиялық жаңғырту жұмыстарын аяқтау, қоршаған ортаға теріс әсерді жоюды міндеттеу қажет.
"Немесе зауытты қаладан көшіру мәселесі қарастырылсын", - деп ұсынды Жұбанов.
Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауытының өнеркәсіп объектілерінен 1 000 метрге жетпейтін қашықтықта тұрғын үйлер орналасқан. "ГеоПортал" ақпараттық жүйесіне сәйкес, бүгінде зауыттың санитарлық қорғау аймағында 40-тан астам үй қалып отыр. Бұл үйлердің елері зауыттың иісінен уланып, денсаулығына зиян келгенін алға тартып, наразылық акцияларын ұйымдастыруда.
"Осыған байланысты ҚазМұнайГаз зауыттың санитарлық-қорғау аймағының шекарасын қайта белгілеу және аталған тұрғын үйлерді көшіру мәселесін шұғыл шешуі қажет", - деп мәлімдеді депутат.
Үшіншісі – Атырау облысы бойынша І санатты кәсіпорындардың атмосфераға шығарындыларының шекті көрсетілген көлемін қайта қарап, екі есе төмендету керек. Қазба байлықты игеріп жатқан компанияларды жаңа технологияларды енгізуге ынталандыратын заң нормалары қабылдануға тиіс.
Төртіншісі – Атырау облысындағы экологиялық ахуалды жақсарту бағытында бірқатар қоршаған ортаны қорғау жобасын жүзеге асыру қажет. Олар: Атырау қаласында кәріздік суларды тазарту қондырғыларын салу және қайта жаңғырту, қатты тұрмыстық қалдық полигондарын және қоқысты қайта өңдеу кешендерін салу жобалары.
"Жоғарыда аталған ұсыныстар негізінде үкімет деңгейінде мемлекеттік комиссия құру, үкіметке облыстағы экологиялық ахуалды толыққанды шешу жолдарын ұсынып, кешенді жоспар қабылдауды сұраймын. 30 жыл елді асырап келе жатқан Атыраудың мұнайы ғана емес, адамы да қымбат екенін естен шығармай, шұғыл шаралар қабылдауға шақырамын", - деді мәжіліске Атырау облысынан сайланған депутат.