Азиада-2023: Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

© ҚР Туризм және спорт министрлігі Абиба Әбужақынова
 Абиба Әбужақынова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2023
Жазылу
Азия ойындарында қазақстандық дзюдошылар алғаш болып екі медаль жеңіп алды
АЛМАТЫ, 24 қыркүйек - Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды. Ал Мағжан Шамшадин қола медаль алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі нің баспасөз қызметі.
Абиба Әбужақынова финалда 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, жапониялық Нацумо Цунодаға есе жіберді.
Ұлттық құрама спортшысы Ханчжоудағы алғашқы белдесуінде Филиппин спортшысын вазари әдісімен, сосын Солтүстік Корея палуанын ұтты. Ал жартылай финалда Оңтүстік кореялық Ли Хек Енг ескерту алып, Әбужақыноваға жол берді.
Абиба Әбужақынова биыл ақпанда Португалияда Гран-При бәсекесінде топ жарған (әйелдер арасында) тұңғыш қазақ дзюдошысы болды. Сондай-ақ ол – Отгонцэцэг Галбадрахтан кейін қазақстандық арулар арасынан әлем чемпионатында медаль алған спортшы.

Бұдан бөлек Азия ойындарында ел қоржынына қола медаль түсті. Байрақты бәсекенің қола жүлдесін дзюдошы Мағжан Шамшадин алды. 60 келіде бақ сынаған спортшы тәжікстандық Мехрзод Суфиевті Waza-Ari әдісімен жеңіп, Азия ойындарында үшінші орын алды.
Елена Потапенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2023
Спорт
Азиада-2023: қазақстандық спортшы бессайыстан Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
Жаңалықтар
0