https://sputnik.kz/20230924/aziada-2023-qazaqstandyq-sportshy-bessayystan-olimpiada-litsenziyasyn-zhenip-aldy-38730376.html
Азиада-2023: қазақстандық спортшы бессайыстан Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
Азиада-2023: қазақстандық спортшы бессайыстан Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
Sputnik Қазақстан
Азия ойындарында қазақстандық спортшылар 8 спорт түрінен Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін тартысып жатыр 24.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-24T10:15+0500
2023-09-24T10:15+0500
2023-09-24T10:19+0500
спорт
азия ойындары
https://sputnik.kz/img/07e7/09/18/38730647_0:85:1616:994_1920x0_80_0_0_66d35d721017a1ca3ebcc5216913648c.jpg
АСТАНА, 24 қыркүйек - Sputnik. Қазақстандық спортшы Елена Потапенко Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Олимпиада лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлады спорт министрлігі. Потапенко әйелдер арасындағы қазіргі заманғы бессайыстан жеке жарыста 5-ші орын иеленді. Осылайша ол келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.Соңғы кезеңге дейін Елена Потапенко жалпы есепте 8-ші орында болды, бірақ мылтық атуда сәтті өнер көрсетіп, алғашқы бестікке ілінді. Қазақстандық спортшының қорытынды нәтижесі - 1340 балл."Мен осыған дейін айтқанымдай, Азиадаға қатысудың бір мақсаты - Париж Олимпиадасына лицензия алу. Біздің спортшылар 8 спорт түрінен Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін күресіп жатыр. Елена Потапенконы бүгінгі нәтижемен құттықтаймын және оған Парижде сәттілік тілеймін", - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.Қытайға Азияның 45 елінен 15 мыңнан астам спортшы келді. Олар спорттың 40 түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салады.Қазақстан атанынан спорттың 30 түрінен 525 спортшы қатысады.
https://sputnik.kz/20230923/aziya-oyyndarynyn-ashylu-saltanaty-kok-bayraqty-aslanbek-shymbergenov-ustap-shyqty-38728016.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/18/38730647_88:0:1528:1080_1920x0_80_0_0_56bb49c1927c3992d41ff5ff57acf952.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азия ойындары
Азиада-2023: қазақстандық спортшы бессайыстан Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
10:15 24.09.2023 (жаңартылды: 10:19 24.09.2023) Азия ойындарында қазақстандық спортшылар 8 спорт түрінен Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін тартысып жатыр
АСТАНА, 24 қыркүйек - Sputnik. Қазақстандық спортшы Елена Потапенко Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Олимпиада лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлады спорт министрлігі.
Потапенко әйелдер арасындағы қазіргі заманғы бессайыстан жеке жарыста 5-ші орын иеленді. Осылайша ол келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Соңғы кезеңге дейін Елена Потапенко жалпы есепте 8-ші орында болды, бірақ мылтық атуда сәтті өнер көрсетіп, алғашқы бестікке ілінді. Қазақстандық спортшының қорытынды нәтижесі - 1340 балл.
"Мен осыған дейін айтқанымдай, Азиадаға қатысудың бір мақсаты - Париж Олимпиадасына лицензия алу. Біздің спортшылар 8 спорт түрінен Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін күресіп жатыр. Елена Потапенконы бүгінгі нәтижемен құттықтаймын және оған Парижде сәттілік тілеймін", - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Қытайға Азияның 45 елінен 15 мыңнан астам спортшы келді. Олар спорттың 40 түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Қазақстан атанынан спорттың 30 түрінен 525 спортшы қатысады.