https://sputnik.kz/20230924/abiba-abuzhaqynova-aziya-oyyndarynyn-finalyna-shyqty-38731562.html
Абиба Әбужақынова Азия ойындарының финалына шықты
Абиба Әбужақынова Азия ойындарының финалына шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 24 қыркүйек - Sputnik. Дзюдошы Абиба Әбужақынова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР... 24.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-24T11:58+0500
2023-09-24T11:58+0500
2023-09-24T11:58+0500
азия ойындары
спорт
https://sputnik.kz/img/07e7/09/18/38731661_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_7810c0cc6e5c0ed4a50d245e52993c28.jpg
АЛМАТЫ, 24 қыркүйек - Sputnik. Дзюдошы Абиба Әбужақынова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.48 кг дейінгі салмақта күш сынасатын отандасымыз жартылай финалда Оңтүстік кореялық Ли Хек Енгті жеңді. Абиба Әбужақынова алғашқы белдесуінде Филиппин спортшысын вазари әдісімен, одан кейін Солтүстік Корея палуанын ұтты.Ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60 кг) жартылай финалда оңтүстік кореялық Ли Харимге есе жіберіп қойды. Ли Харим 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері болды. Енді ол қола медаль үшін күресетін палуанды күтеді.Сонымен қатар сағат 16:00-де тағы бір отандасымыз Ғалия Тынбаева (52 кг) қола медаль үшін таласады. Ғалия ширек финалда Моңғолия дзюдошысына есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде Ахлия Муминовадан (Тәжікстан) айласын асырды.Ал Ұлттық құрама спортшысы Ғұсман Қырғызбаев 1/8 айналымда Ливан палуанын жеңген. Алайда келесі кездесуде Тәжікстан спортшысының мықты екенін мойындады.
https://sputnik.kz/20230924/aziada-2023-qazaqstandyq-sportshy-bessayystan-olimpiada-litsenziyasyn-zhenip-aldy-38730376.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/18/38731661_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_407a535762bcaad6b17e933c4ea34c4b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азия ойындары
Абиба Әбужақынова Азия ойындарының финалына шықты
АЛМАТЫ, 24 қыркүйек - Sputnik. Дзюдошы Абиба Әбужақынова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
48 кг дейінгі салмақта күш сынасатын отандасымыз жартылай финалда Оңтүстік кореялық Ли Хек Енгті жеңді. Абиба Әбужақынова алғашқы белдесуінде Филиппин спортшысын вазари әдісімен, одан кейін Солтүстік Корея палуанын ұтты.
Ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60 кг) жартылай финалда оңтүстік кореялық Ли Харимге есе жіберіп қойды. Ли Харим 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері болды. Енді ол қола медаль үшін күресетін палуанды күтеді.
Сонымен қатар сағат 16:00-де тағы бір отандасымыз Ғалия Тынбаева (52 кг) қола медаль үшін таласады. Ғалия ширек финалда Моңғолия дзюдошысына есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде Ахлия Муминовадан (Тәжікстан) айласын асырды.
Ал Ұлттық құрама спортшысы Ғұсман Қырғызбаев 1/8 айналымда Ливан палуанын жеңген. Алайда келесі кездесуде Тәжікстан спортшысының мықты екенін мойындады.