Қостанай тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды – ҰҚК

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2023
Жазылу
Сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді әлеуметтік желіде жариялаған
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
"Қостанай облысының Бейімбет Майлин атындағы аудандық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды", - деп жазылған хабарламада.
Сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын әлеуметтік желілерде жариялаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.
2023 жылдың 20 қыркүйегінде үкім заңды күшіне енді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2023
Терроризм актісі туралы жалған хабар таратқандар үшін жаза күшейтілуі мүмкін
Жаңалықтар
0