https://sputnik.kz/20230125/terrorizm-aktisi-turaly-zhalgan-khabar-taratqandar-ushin-zhaza-kusheytilui-mumkin-31441494.html
Терроризм актісі туралы жалған хабар таратқандар үшін жаза күшейтілуі мүмкін
Терроризм актісі туралы жалған хабар таратқандар үшін жаза күшейтілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Бас прокуратура Қазақстанда терроризм актісі туралы жалған хабар таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді жоспарлап... 25.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-25T15:24+0500
2023-01-25T15:24+0500
2023-01-25T15:24+0500
терроризм
жалған ақпарат
https://sputnik.kz/img/139/09/1390901_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_1396e9fc165ba6905a765f72623367ae.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Бас прокуратура Қазақстанда терроризм актісі туралы жалған хабар таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді жоспарлап отыр.2022 жылы республикада терроризм актісі туралы жалған хабарламалар көбейіп, Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша 181 қылмыстық іс қозғалды. 25 адам сотталды.Ведомствоның мәліметінше, мұндай хабарламаларды тексеру көп уақыт пен ресурсты қажет етеді. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар, кинологтар, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем бригадалары, жедел-тергеу топтары аттанады. Сонымен қатар кәсіпорындардың қалыпты жұмысы бұзылады."Бұл күштер мен құралдарды жөнсіз пайдалануға әкеп соғады, тексерілген коммерциялық кәсіпорындар миллиондаған шығынға ұшырайды, лаңкестік әрекет туралы жалған хабарлар эвакуациялау кезінде дүрбелеңге және адамдар арасында құрбандар болуына әкелуі мүмкін", - деп түсіндірді департаменттегілер.Осылайша, 2022 жылдың шілде айында кек алу мақсатында көршісінің поштасын бұзып, Астана және Алматы қалаларындағы 13 нысанға (сауда орталықтары, әуежайлар, банктер) терроризм актісі туралы жалған хабарлама жіберген қостанайлық азамат 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.Ал Алматы облысында сыныптастарымен бәстесіп, пошта арқылы үш мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама жіберген 13 жастағы мектеп оқушысы полицияға жеткізілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/139/09/1390901_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_a9faf15c11611d548f14516378486b9a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризм, жалған ақпарат
терроризм, жалған ақпарат
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Бас прокуратура Қазақстанда терроризм актісі туралы жалған хабар таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді жоспарлап отыр.
"Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп терроризм актісі туралы жалған хабар таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту және құқық бұзушылықтың бұл түрін ауыр қылмыс санатына жатқызуды және 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімін қарастыруды пысықтап жатыр", - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.
2022 жылы республикада терроризм актісі туралы жалған хабарламалар көбейіп, Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша 181 қылмыстық іс қозғалды. 25 адам сотталды.
Ведомствоның мәліметінше, мұндай хабарламаларды тексеру көп уақыт пен ресурсты қажет етеді. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар, кинологтар, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем бригадалары, жедел-тергеу топтары аттанады. Сонымен қатар кәсіпорындардың қалыпты жұмысы бұзылады.
"Бұл күштер мен құралдарды жөнсіз пайдалануға әкеп соғады, тексерілген коммерциялық кәсіпорындар миллиондаған шығынға ұшырайды, лаңкестік әрекет туралы жалған хабарлар эвакуациялау кезінде дүрбелеңге және адамдар арасында құрбандар болуына әкелуі мүмкін", - деп түсіндірді департаменттегілер.
Осылайша, 2022 жылдың шілде айында кек алу мақсатында көршісінің поштасын бұзып, Астана және Алматы қалаларындағы 13 нысанға (сауда орталықтары, әуежайлар, банктер) терроризм актісі туралы жалған хабарлама жіберген қостанайлық азамат 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Ал Алматы облысында сыныптастарымен бәстесіп, пошта арқылы үш мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама жіберген 13 жастағы мектеп оқушысы полицияға жеткізілді.