Алматы оқушылары интеллекті дамытатын қосымша ойлап тапты

© Public DomainСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2023
Жазылу
Қосымшаны аутизммен ауыратын бес жастан 13 жасқа дейінгі балалар кеңінен қолданып жатыр
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Алматы оқушылары эмоционалды интеллекті дамытатын қосымша ойлап тапты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Оқушылар аутизммен ауыратын адамдарға эмоционалды интеллекті дамытуға көмектесетін қосымша ойлап тапты.
Қосымша қазірдің өзінде кейбір білім беру орталықтарында қолданылады және ол әсіресе бес жастан 13 жасқа дейінгі балалар арасында оң нәтиже көрсетіп жатыр. Drive beyond қолданбасы бет-әлпеттегі іс әрекет арқылы таниды.
"Біздің қосымшамыз жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың маңызды екенін көрсетеді. Біз әрбір адам осы технологияға қол жеткізуге және өзінің эмоционалдық дағдыларын дамытуға лайық деп санаймыз", — деп бөлісті 12-сынып оқушысы Әлихан Сырғалиев.
Айтпақшы, жас өнертапқыштар алғашқы табыстарына да қол жеткізген. Өйткені қосымшаны Алматыдағы оңалту орталықтары белсенді қолданады. Команда емдеу орталықтары үшін диагностикалық мүмкіндіктерді қосуды жоспарлап отыр.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Ақтөбелік оқушылардың өнертабысы халықаралық байқауда жүлдеге ие болды
Жаңалықтар
0