https://sputnik.kz/20230921/zhazgy-mausymda-qazaqstanga-448-myn-sheteldik-turist-kelgen-38640666.html
Жазғы маусымда Қазақстанға 448 мың шетелдік турист келген
Жазғы маусымда Қазақстанға 448 мың шетелдік турист келген
Sputnik Қазақстан
Жыл соңына дейін елімізге 1,4 млн шетелдік турист келеді деген болжам бар 21.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-21T09:09+0500
2023-09-21T09:09+0500
2023-09-21T09:09+0500
мәдениет
туризм
туристер
https://sputnik.kz/img/07e4/09/07/14903657_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_74e26cd1e791b18055654b5561b4e175.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша жаздың үш айында елімізге 448 мың шетелдік турист келді. Олардың 64,6%-ы – ерлер. Ал шетелдік қонақтардың басым бөлігі – 30-44 жас аралығындағылар, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.Шетелдіктер ең көп тоқтаған өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр. Оңтүстік астанаға 139 мыңнан астам турист келген. Ал екінші орында – Астана қаласы. Елордаға жазғы маусымда 68 мың шетелдік қонақ тоқтаған. Үздік үштікті Алматы облысы түйіндейді. Мұнда 34 мыңға жуық шетелдік саяхаттап келген.Еліміздің батысы да шетелдіктер жиі баратын өңір саналады. Мәселен, жаздың үш айында Маңғыстау облысына 28 мыңнан астам шетел азаматы келсе, Атырау облысына 25 мыңнан артық шетелдік турист тоқтаған.Сондай-ақ Ақмола облысына 21 мыңға жуық, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарына 14 мыңнан астам шетелдік турист келген.
https://sputnik.kz/20230816/bir-sheteldik-turist-qazaqstanga-qansha-tabys-akeledi-37708923.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/07/14903657_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_2a6c33d6cd7fd6af4f9dd5f7e09110ad.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм, туристер
Жазғы маусымда Қазақстанға 448 мың шетелдік турист келген
Жыл соңына дейін елімізге 1,4 млн шетелдік турист келеді деген болжам бар
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша жаздың үш айында елімізге 448 мың шетелдік турист келді. Олардың 64,6%-ы – ерлер. Ал шетелдік қонақтардың басым бөлігі – 30-44 жас аралығындағылар, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
"Жыл басынан Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 1,8 есе артып отыр. 2023 жылдың соңына дейін елімізге 1,4 млн шетелдік турист келеді деп болжануда",- деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Шетелдіктер ең көп тоқтаған өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр. Оңтүстік астанаға 139 мыңнан астам турист келген. Ал екінші орында – Астана қаласы. Елордаға жазғы маусымда 68 мың шетелдік қонақ тоқтаған. Үздік үштікті Алматы облысы түйіндейді. Мұнда 34 мыңға жуық шетелдік саяхаттап келген.
Еліміздің батысы да шетелдіктер жиі баратын өңір саналады. Мәселен, жаздың үш айында Маңғыстау облысына 28 мыңнан астам шетел азаматы келсе, Атырау облысына 25 мыңнан артық шетелдік турист тоқтаған.
Сондай-ақ Ақмола облысына 21 мыңға жуық, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарына 14 мыңнан астам шетелдік турист келген.