Қоғам

Бір шетелдік турист Қазақстанға қанша табыс әкеледі

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2023
Жазылу
Былтыр туристік қызметтерден ел қазынасына рекордтық 389 млрд теңге салық түскен
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстанға алыс шет елден келген әрбір турист орта есеппен 1500 доллар табыс әкеледі, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Ұлттық банктің дерегіне сәйкес Қазақстанға алыс шет елден келген 1 турист орта есеппен 1500 доллар мөлшерінде табыс әкеледі. Әр шетелдік турист 2 жұмыс орнын ашуға сеп болады.
"Елімізде соңғы екі жылда туризм саласында жұмыс істейтіндердің саны айтарлықтай өсіп, 500 мыңға жуықтады. Мәдениет және спорт министрлігі 2029 жылға дейін туризм саласында 800 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр",- деді мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Министрліктің ақпаратынша, былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келген. Нәтижесінде туристік қызметтен түскен салық мөлшері 389 миллиард теңгеге дейін жетіп, рекордтық нәтиже тіркелді. Оның ішінде еліміздегі орналастыру орындары 183 млрд теңге табыс тапты.
Топ популярных городов и направлений для путешествий - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2023
Қазақстанда шетелдік туристер төлейтін жарнаның көлемі өзгереді
Жаңалықтар
0