Спорт

"Қазақстан" спорт кешенінің мұндай күйде тұруына жол бермейміз – Астана әкімі

© Sputnik / Владислав ВодневСпорткомплекс "Казахстан"
Спорткомплекс Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2023
Жазылу
Қазір "Қазақстан" спорт кешенінде жаңғырту жұмыстары тоқтап тұр
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек апатты жағдайда тұрған "Қазақстан" спорт кешенін қалпына келтіру үшін қосымша қаржыландыру көздерін қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Әкім елордада спорт мекемелеріне қажеттілік барын атап өтті. Қасымбек қалаға қажетті құрылыс нысандарына да жеке инвестиция тартпақ.
Қасымбек қаланы аралап жүргенде "Қазақстан" спорт кешеніне барғанын айтты. Екі жыл бұрын кешенді жаңғырту жұмысын бастаған инвестор істі соңына дейін жеткізбеген. Енді әкімдік қосымша қаражат іздеп жатыр.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары бұл орынға бір емес, бірнеше рет барып, бос уақытын өткізді деп ойлаймын. Нысан Алматы ауданының тартымды орындарының бірі саналады. Спорт кешені апатты жағдайда болған соң, екі жыл бұрын нысанды жаңғырту жұмысы басталған. Өкінішке қарай, инвестор құрылыс жұмысын толық жүргізе алмады. Жұмыс бір орында тоқтап тұрды. Дегенмен бір кездері танымал болған нысанның осындай күйде тұруына біз жол бермейміз. Сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін қарастырып жатырмыз", - деп жазды Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ ол Алматы ауданының Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінде спорт орталығы ("Қазақстан" СК жанында) салынып жатқанын айтты. Нысанның жалпы ауданы 10 мың шаршы метрден асады. Жоспар бойынша онда үстел теннисі үйірмелері, футбол, баскетбол, волейбол залдары, IT үйірмелері – lego және киберспорт, қыш шеберлігі мектебі, шахмат, күрес, бокс залдары және тағы басқалары болады. Спорт орталығы келесі жылы ашылады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек қалада бұқаралық спортты дамыту үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр.
"Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері мен федерацияларды қолдаймыз, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырамыз", - деді қала әкімі.
Строительство зданий в столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2023
Министр елордада салынып жатқан Ұлттық спорт университеті құрылысымен танысты
Жаңалықтар
0