https://sputnik.kz/20230911/ministr-elordada-salynyp-zhatqan-ulttyq-sport-universiteti-qurylysymen-tanysty-38341649.html
Министр елордада салынып жатқан Ұлттық спорт университеті құрылысымен танысты
Министр елордада салынып жатқан Ұлттық спорт университеті құрылысымен танысты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Астанадағы арнаулы орта білімнен бастап магистратура мен докторантураға дейінгі... 11.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-11T12:09+0500
2023-09-11T12:09+0500
2023-09-11T12:09+0500
мәдениет және спорт министрлігі
құрылыс
https://sputnik.kz/img/1069/36/10693681_0:106:2000:1231_1920x0_80_0_0_1c77cd8cce90d092064e3ee31c811be8.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Астанадағы арнаулы орта білімнен бастап магистратура мен докторантураға дейінгі оқытудың толық циклын жүзеге асыратын Ұлттық спорт университеті құрылысының барысымен танысты. Бұл ретте колледжде бір уақытта 500 – ден астам адам, ал ЖОО-да-2000-нан астам бакалавриат студенттері, 60 магистрант және докторанттар оқи алады. Қазіргі уақытта 1-ші кезектегі нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл көпфункционалды спорт кешені, трибунасы және трубунадан тыс бөлмелері бар стадион, жүзу бассейні, жеңіл атлетика манежі, колледж және 500 орындық колледж жатақханасы. Құрылыстың алғашқы кезеңін 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Екінші кезеңде университет ғимаратының құрылысы басталады. Оның аумағында: конференц-зал, әкімшілік блок, дәріс залдары, ғылыми-зерттеу орталығы бар кітапхана, асхана және жабық бас аллея болады. Сонымен қатар, студенттерге арналған жатақхана, профессор-оқытушылар құрамына арналған тұрғын үй және медициналық-оңалту орталығы салынады. Жобаның бұл бөлігі әзірленіп жатыр. Бұл қазіргі таңда өте өзекті жоғары жетістіктер спортына қажет мамандарды өз елімізде тәрбие-білім беріп өсіруге тамаша мүмкіндік. Атап айтқанда, білім ордасынан жаттықтырушылардың, менеджерлер, психологтар және ғылыми қызметкерлердің жаңа толқыны шығады. Ал спорттық ғимараттар кешені ұлттық құрама командаларға көркем гимнастика, бокс, таэквондо, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, ескек есу, баскетбол, волейбол, шағын футбол, жеңіл атлетика және жүзу секілді спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға дайындалуға мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1069/36/10693681_68:0:1845:1333_1920x0_80_0_0_7fb8c3e942aee2d21c8f78c15a1fe11b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәдениет және спорт министрлігі, құрылыс
мәдениет және спорт министрлігі, құрылыс
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Астанадағы арнаулы орта білімнен бастап магистратура мен докторантураға дейінгі оқытудың толық циклын жүзеге асыратын Ұлттық спорт университеті құрылысының барысымен танысты.
Бұл ретте колледжде бір уақытта 500 – ден астам адам, ал ЖОО-да-2000-нан астам бакалавриат студенттері, 60 магистрант және докторанттар оқи алады.
Қазіргі уақытта 1-ші кезектегі нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл көпфункционалды спорт кешені, трибунасы және трубунадан тыс бөлмелері бар стадион, жүзу бассейні, жеңіл атлетика манежі, колледж және 500 орындық колледж жатақханасы. Құрылыстың алғашқы кезеңін 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Екінші кезеңде университет ғимаратының құрылысы басталады.
Оның аумағында: конференц-зал, әкімшілік блок, дәріс залдары, ғылыми-зерттеу орталығы бар кітапхана, асхана және жабық бас аллея болады. Сонымен қатар, студенттерге арналған жатақхана, профессор-оқытушылар құрамына арналған тұрғын үй және медициналық-оңалту орталығы салынады. Жобаның бұл бөлігі әзірленіп жатыр. Бұл қазіргі таңда өте өзекті жоғары жетістіктер спортына қажет мамандарды өз елімізде тәрбие-білім беріп өсіруге тамаша мүмкіндік.
Атап айтқанда, білім ордасынан жаттықтырушылардың, менеджерлер, психологтар және ғылыми қызметкерлердің жаңа толқыны шығады. Ал спорттық ғимараттар кешені ұлттық құрама командаларға көркем гимнастика, бокс, таэквондо, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, ескек есу, баскетбол, волейбол, шағын футбол, жеңіл атлетика және жүзу секілді спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға дайындалуға мүмкіндік береді.