Абай облысының Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды

© AFP 2024 / VALERY HACHEВрач надевает перчатки в дезинфекционном туннеле больницы с коронавирусом
Врач надевает перчатки в дезинфекционном туннеле больницы с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2023
Жазылу
Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылды
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдыққан деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Науқас ПТР тестінен өтті, қазіргі уақытта ауру расталмады.Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды. Сондай-ақ, жағдайдың себептерін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
Өңірлер
Ақмола облысында 15 адам сібір жарасымен ауруханада жатыр
Жаңалықтар
0