https://sputnik.kz/20230906/aqmola-oblysynda-15-adam-sibir-zharasymen-aurukhanada-zhatyr-38246108.html
Ақмола облысында 15 адам сібір жарасымен ауруханада жатыр
Ақмола облысында 15 адам сібір жарасымен ауруханада жатыр
Sputnik Қазақстан
Денсаулық сақтау министрлігі жағдай бақылауда екеніне сендірді 06.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-06T16:18+0500
2023-09-06T16:18+0500
2023-09-06T16:18+0500
өңірлер
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/old/922/22/9222298_0:0:2853:1605_1920x0_80_0_0_2afc136f7e5a8688c17300d419f25c19.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында 15 адам ауруханаға түсті. 13 адам Жарқайың, ал екеуі Есіл ауданында тұрады. Дәрігерлер олардың сібір жарасын жұқтырғанын растады.Науқастардың барлығы – Үшқарасу ауылында орналасқан "Үшқарасу" ЖШС қызметкерлері. Олар мал сойғанда, етті бөлшектегенде және тасымалдағанда сібір жарасын жұқтырған.Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, пациенттердің жағдайы орташа ауыр.Сондай-ақ олармен байланыста болған 35 адам анықталды, қазір олар да дәрігерлердің бақылауында.Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижесі бойынша 21 ет сынамасының 16-сында сібір жарасының ДНҚ-сы анықталған. Барлық тексерілген ошақта қорытынды дезинфекция жүргізілді.Облыс әкімі орынбасарының басшылығымен штаб құрылды. Штабтың шешімімен 31 тамыздан бастап Үшқарасу ауылының аумағында карантин жарияланды."Ауыл шаруашылығы өнімдерін әкетуге шектеу енгізілді. 536 келі ет өртеу арқылы жойылды. Ет өңірден тыс жерлерге шығарылмаған. Инфекция ошағын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.Министрлік жағдай бақылауда екеніне сендірді.
https://sputnik.kz/20230902/densaulyq-saqtau-ministrligi-sibir-zharasyn-zhuqtyrgan-mal-etine-qatysty-pikir-bildirdi-38135198.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/922/22/9222298_272:0:2853:1936_1920x0_80_0_0_8ee15441e77108f91179e85f7843cf9c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы
Ақмола облысында 15 адам сібір жарасымен ауруханада жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі жағдай бақылауда екеніне сендірді
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында 15 адам ауруханаға түсті. 13 адам Жарқайың, ал екеуі Есіл ауданында тұрады. Дәрігерлер олардың сібір жарасын жұқтырғанын растады.
Науқастардың барлығы – Үшқарасу ауылында орналасқан "Үшқарасу" ЖШС қызметкерлері. Олар мал сойғанда, етті бөлшектегенде және тасымалдағанда сібір жарасын жұқтырған.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, пациенттердің жағдайы орташа ауыр.
Сондай-ақ олармен байланыста болған 35 адам анықталды, қазір олар да дәрігерлердің бақылауында.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижесі бойынша 21 ет сынамасының 16-сында сібір жарасының ДНҚ-сы анықталған. Барлық тексерілген ошақта қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Облыс әкімі орынбасарының басшылығымен штаб құрылды. Штабтың шешімімен 31 тамыздан бастап Үшқарасу ауылының аумағында карантин жарияланды.
"Ауыл шаруашылығы өнімдерін әкетуге шектеу енгізілді. 536 келі ет өртеу арқылы жойылды. Ет өңірден тыс жерлерге шығарылмаған. Инфекция ошағын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Министрлік жағдай бақылауда екеніне сендірді.