Үш аптаға созылған жауын-шашын егінге кесірін тигізді – министр

© Pixabay / Zoltán Kalmár Пшеница
Пшеница - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Жазылу
Министрдің айтуынша, ұзаққа созылған жауын-шашын жаңа түсімнің сапасының нашарлауына, дәнді дақылдардың төмен өнімділігіне әкеп соқты
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров негізгі астық егетін өңірлерде толассыз жауған жауын егінге кесірін тигізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналатын алаң 17,3 млн гектарды құрайды.
"Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 6,9 млн га немесе 40,0% дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. 6,6 млн тонна астық бастырылды, орташа өнімділік гектарынан 9,5 центнерді құрады", - деді Сапаров үкімет отырысында.
Ол салыстырмалы түрде былтыр сәйкес кезеңде 11,6 млн гектар немесе 72,8% жиналғанын атап өтті.
"Негізгі астық егетін аймақтарда 3 аптадан астам уақытқа созылған ұзақ жауын-шашын өзінің кесірін көрсетті. Бұл жаңа түсімнің сапасының нашарлауына, астықтың өніп кетуіне, жоғары ылғалдылық пен рефакцияға және дәнді дақылдардың төмен өнімділігіне әкелді", - деп мәлімдеді министр.
Премьердің тапсырмасымен ауа райынан зардап шеккен өңірлерде барлық мүдделі орган мен ұйымдарды қоса отырып, келтірілген зиянның ауқымын айқындау үшін жұмыс комиссиялары құрылған.
Жұмыс комиссиялары еліміздің зардап шеккен өңірлеріне барып, егін жинау жұмыстарының барысына талдау жүргізді. Әкімдіктердің деректері бойынша 2,7 млн гектарда немесе 15% алаңда дәннің өніп жатқаны байқалады.
"Орташа өнімділік өткен жылғы деңгейден гектарынан 2,7 центнерге төмен екендігін айта кету керек. Қазіргі уақытта облыстарда барлық егін жинау техникасы жаппай егістіктерге шықты, егін жинау жұмыстары жалғасуда", - деді Сапаров.
Урожай - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2023
Қостанай облысында жауын-шашын салдарынан егін жинау науқаны кешеуілдеп жатыр
Жаңалықтар
0