https://sputnik.kz/20230907/qostanay-oblysynda-zhauyn-shashyn-saldarynan-egin-zhinau-nauqany-keshuildep-zhatyr-38277008.html
Қостанай облысында жауын-шашын салдарынан егін жинау науқаны кешеуілдеп жатыр
Қостанай облысында жауын-шашын салдарынан егін жинау науқаны кешеуілдеп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысында егін жинау науқаны кезінде жауын-шашын тоқтамай тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігі, азық-түлік корпорациясы... 07.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-07T16:55+0500
2023-09-07T16:55+0500
2023-09-08T06:59+0500
қостанай облысы
егін
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0a/14922437_0:102:3281:1948_1920x0_80_0_0_34c1f90f141e2fa703c767f6ad9f52e8.jpg
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысында егін жинау науқаны кезінде жауын-шашын тоқтамай тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігі, азық-түлік корпорациясы және "Бәйтерек" холдингінің өкілдері өңірдің фермерлерімен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның солтүстік өңірлерінде егін жинау үшін министрлік жанынан арнайы комиссия құрылды. Қазір комиссия мүшелері облыстарды аралап, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесуде.Бұған дейін облыстың фермерлері өсірілген егінді жинауға мүмкіндік бермей жатқан ұзақ жауын-шашынның салдарынан қаржылық ахуалдың нашарлауына алаңдаушылық білдірген болатын.Облыс әкімінің төрағалығымен егістердің толық көрінісімен және ағымдағы жай-күйімен танысу үшін шаруалардың қатысуымен кеңес өткізілді.Сонымен қатар, Қостанай облысы бойынша "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында агробизнес өкілдерімен жеке кездесу өткізу көзделген.Өңірдің астық жинаудағы үлесінің маңыздылығын ескере отырып, келесі жылы егіс жұмыстарын жүргізу үшін тұқым қорын қалыптастыру жеке қаралатын болады."Бәйтерек" холдингінің қаржы ұйымдары тарапынан ауа-райына байланысты зардап шеккен фермерлердің кредиттері мен лизингін ұзарту мәселесі жеке тәртіппен қаралады.Айта кетейік, әкімдіктің мәліметінше, Қостанай облысында астық жинау алаңы 4,37 млн га құрайды, оның 1,01 млн га немесе 23,2% жиналды. Өңірде орташа өнімділігі 9,1 ц/га 920,7 мың тонна астық бастырылды.
https://sputnik.kz/20220822/toqaev-egin-zhinau-nauqany-zhospar-26932758.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0a/14922437_275:0:3006:2048_1920x0_80_0_0_816be0045ba55b3d0dfd9ba71a7656e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, егін
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысында егін жинау науқаны кезінде жауын-шашын тоқтамай тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігі, азық-түлік корпорациясы және "Бәйтерек" холдингінің өкілдері өңірдің фермерлерімен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның солтүстік өңірлерінде егін жинау үшін министрлік жанынан арнайы комиссия құрылды. Қазір комиссия мүшелері облыстарды аралап, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесуде.
Бұған дейін облыстың фермерлері өсірілген егінді жинауға мүмкіндік бермей жатқан ұзақ жауын-шашынның салдарынан қаржылық ахуалдың нашарлауына алаңдаушылық білдірген болатын.
Облыс әкімінің төрағалығымен егістердің толық көрінісімен және ағымдағы жай-күйімен танысу үшін шаруалардың қатысуымен кеңес өткізілді.
"Егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов дәнді дақылдарды кептіруге жеңілдікті жанар-жағар май бөлу жағдайы туралы хабардар етті. Министрлік ауыл шаруашылығы дақылдарын кептіруді жүргізу үшін астық қабылдау кәсіпорындарының жанар-жағар май алу мүмкіндігін регламенттейтін нормативтік құқықтық акт әзірленіп, қазір келісу сатысынан өткізіліп жатыр. Өткізілмеген отынның қолда бар резерві өңірдің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қостанай облысы бойынша "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында агробизнес өкілдерімен жеке кездесу өткізу көзделген.
Өңірдің астық жинаудағы үлесінің маңыздылығын ескере отырып, келесі жылы егіс жұмыстарын жүргізу үшін тұқым қорын қалыптастыру жеке қаралатын болады.
"Бәйтерек" холдингінің қаржы ұйымдары тарапынан ауа-райына байланысты зардап шеккен фермерлердің кредиттері мен лизингін ұзарту мәселесі жеке тәртіппен қаралады.
Айта кетейік, әкімдіктің мәліметінше, Қостанай облысында астық жинау алаңы 4,37 млн га құрайды, оның 1,01 млн га немесе 23,2% жиналды. Өңірде орташа өнімділігі 9,1 ц/га 920,7 мың тонна астық бастырылды.