Қазақстанда инфляция жыл соңына дейін 7,9%-ға дейін баяулауы мүмкін – Еуразия даму банкі

© Sputnik / Владислав ВодневМонета, иллюстративті фото
Монета, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Жазылу
Банк сарапшыларының айтуынша, бұған бірнеше факторлар әсер етеді
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. Еуразия даму банкінің 2023-2025 жылдарға арналған макроэкономикалық даму болжамына сәйкес, Қазақстанда инфляция 2023 жылдың соңында 7,9%-ға дейін бәсеңдеуі мүмкін.
ЕАДБ сарапшылары бұған бірнеше факторлар ықпал етеді деп есептейді:
тауар-шикізат нарықтарындағы әлемдік бағаның төмендеуі;
базалық мөлшерлемені 2022 жылдың соңынан бастап 16,75% деңгейінде сақтау;
теңгенің долларға шаққандағы бағамының нығаюы;
инфляцияны тежеу ​​бойынша үкіметтік шаралар.
"2023 жылдың IV тоқсанында инфляцияның бәсеңдеу динамикасы күшеюі мүмкін", - делінген болжамда.
2025 жылдың соңында, сарапшылардың пікірінше, инфляция 4,1%-ға дейін баяулайды.
2024–2025 жылдары Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,4% деңгейінде болады деп болжанып отыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2023
Экономика
Елімізде жылдық инфляция алты ай қатарынан төмендеп келеді
Жаңалықтар
0