https://sputnik.kz/20230913/elimizde-zhyldyq-inflyatsiya-alty-ay-qatarynan-tomendep-keledi-38398627.html
Елімізде жылдық инфляция алты ай қатарынан төмендеп келеді
Елімізде жылдық инфляция алты ай қатарынан төмендеп келеді
Sputnik Қазақстан
Азық-түлікке жатпайтын инфляция тамызда 13,5%-ті құрап, жылдық көрсеткіш баяулады 13.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-13T09:07+0500
2023-09-13T09:07+0500
2023-09-13T09:07+0500
экономика
инфляция
https://sputnik.kz/img/235/89/2358911_0:201:2925:1846_1920x0_80_0_0_161ff7cc0d01d2631c87263c78d19ec3.jpg
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жылдық инфляция алты ай қатарынан төмендеп жатыр. Қазір жылдық инфляция – 13,1%. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, жылдық инфляцияның төмендеуіне қарамастан, айлық инфляция шілдедегі 0,6%-тен 0,7%-ке дейін жеделдеген. Айлық инфляцияның өсу қарқыны орташа мәндерден жоғары қалыптасып келеді.Сондай-ақ жыл басынан бері азық-түлік инфляциясы баяулай түсті. Тамақ өнімін өндірушілердің және ауыл шаруашылығындағы бағаның төмендеуіне байланысты, оның деңгейі 12,4%-ке дейін баяулады.Жеміс-жидек пен көкөніс маусымдық кезеңге байланысты арзандап жатыр, бірақ оның өсу қарқыны өткен жылдармен салыстырғанда төмен.Азық-түлікке жатпайтын инфляция тамызда 13,5%-ті құрап, жылдық көрсеткіш баяулады. Алдыңғы айларда теңгенің нығаюына байланысты жеке пайдалануға арналған тауарлар, тұрмыстық заттар, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек бағасының өсімі баяулап жатыр, деп толықтырды Ұлттық банк төрағасы.Тамызда киім-кешек пен аяқ киім, тұрмыстық техника, автомобиль, газ бағасының айтарлықтай өсімі тіркелді, дейді Сүлейменов.Бұдан бөлек тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифінің өсуіне байланысты ақылы қызметтер инфляциясы жеделдей түскен. Тарифтер тамызда 6,1%-ке, жылдық көрсеткіште – 13,9%-ке өсті.Сонымен қатар халықтың тұрақты сұранысына байланысты реттелмейтін қызметтердің бағасы өсімін сақтап қалып отыр. Оның ішінде – қалалық автокөлікпен жол, ұялы байланыс қызметтері мен жалдау ақысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/235/89/2358911_96:0:2827:2048_1920x0_80_0_0_c90276ad1d317fbdf3f3c76bd65d18c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция
Елімізде жылдық инфляция алты ай қатарынан төмендеп келеді
Азық-түлікке жатпайтын инфляция тамызда 13,5%-ті құрап, жылдық көрсеткіш баяулады
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жылдық инфляция алты ай қатарынан төмендеп жатыр. Қазір жылдық инфляция – 13,1%. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Алты ай ішінде жылдық инфляция төмендеп келеді. Оның қазіргі деңгейі – 13,1%. Жылдық инфляциядағы азық-түлік пен азық-түлікке жатпайтын компоненттің үлесі азайып, ақылы қызметтер инфляциясының үлесі ұлғаюда", - деді Сүлейменов үкімет отырысында.
Оның айтуынша, жылдық инфляцияның төмендеуіне қарамастан, айлық инфляция шілдедегі 0,6%-тен 0,7%-ке дейін жеделдеген. Айлық инфляцияның өсу қарқыны орташа мәндерден жоғары қалыптасып келеді.
Сондай-ақ жыл басынан бері азық-түлік инфляциясы баяулай түсті. Тамақ өнімін өндірушілердің және ауыл шаруашылығындағы бағаның төмендеуіне байланысты, оның деңгейі 12,4%-ке дейін баяулады.
Жеміс-жидек пен көкөніс маусымдық кезеңге байланысты арзандап жатыр, бірақ оның өсу қарқыны өткен жылдармен салыстырғанда төмен.
Азық-түлікке жатпайтын инфляция тамызда 13,5%-ті құрап, жылдық көрсеткіш баяулады. Алдыңғы айларда теңгенің нығаюына байланысты жеке пайдалануға арналған тауарлар, тұрмыстық заттар, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек бағасының өсімі баяулап жатыр, деп толықтырды Ұлттық банк төрағасы.
Тамызда киім-кешек пен аяқ киім, тұрмыстық техника, автомобиль, газ бағасының айтарлықтай өсімі тіркелді, дейді Сүлейменов.
Бұдан бөлек тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифінің өсуіне байланысты ақылы қызметтер инфляциясы жеделдей түскен. Тарифтер тамызда 6,1%-ке, жылдық көрсеткіште – 13,9%-ке өсті.
Сонымен қатар халықтың тұрақты сұранысына байланысты реттелмейтін қызметтердің бағасы өсімін сақтап қалып отыр. Оның ішінде – қалалық автокөлікпен жол, ұялы байланыс қызметтері мен жалдау ақысы.