Фермелердің кредиті өсімпұлсыз ұзартылады – Айдарбек Сапаров

Айдарбек Сапаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Жазылу
Шаруаларды субсидиялауға қосымша 155 млрд теңге керек. Қаржы министрлігіне тиісті өтінім берілді
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қиын жағдайға тап болған шаруалардың кредиті өсімпұлсыз ұзартылады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкімет отырысында фермелерге жеңілдік жасау мәселесі қаралды.
"Жергілікті комиссиялар әрбір шаруаның мәселесін жеке-жеке қарайды. Соның нәтижесінде кредит мерзімі ұзартылады. Әрине, өсімпұлсыз ұзарту қажет", - деді Сапаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қазіргі есепке сәйкес, субсидиялауға қосымша 155 млрд теңге керек. Қаржы министрлігіне тиісті өтінім берілді.
"Жамбыл облысындағы фермелердің мәселесі бойынша тиісті шешім бар. Үкіметтің бүгінгі отырысында қаулы қабылданды. Жақын арада үкімет резервінен ақша бөлінеді. Сол кезде бірден бастаймыз", - деп атап өтті министр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2023
Тоқаев астық өндіретін фермерлерге көмек көрсетуді тапсырды
Жаңалықтар
0