Тоқаев астық өндіретін фермерлерге көмек көрсетуді тапсырды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2023
Жазылу
Бұған дейін жауыннан шығындалған шаруалар үкіметтен көмек сұраған болатын
АСТАНА, 16 Қырқүйек – Sputnik. Ақорда еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырғанын хабарлады.
Солтүстікте екі аптадай толассыз жауған жауыннан алқаптағы астық бүлінді. Жерде жатқан дән өніп, жап жасыл болып өсіп кеткен. Алынған өнім тек жемазыққа ғана жарайды.
Қарызға шаш етектен баттық деген шаруалар шарасыз күйде отыр, деп хабарлады КТК.
Шаруалар көктемгі егіс алдында қаржы институттарынан алған несиелерінің төлем мерзімін шегеруді сұрады.
Пшеница - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2023
Төрт облыста егін жинау науқаны кешеуілдеп жатыр: министр жедел штаб отырысын өткізді
Жаңалықтар
0